09.09.2015, 20:23 6411

"100 нақты қадам" - салық және кеден жүйесін интеграциялау реформасыныӊ жалғасы

Бүгін 09 қыркүйек Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ведомство басшылығыныӊ қатысуымен жиын өтті. Ұлт Жоспары "100 нақты қадам" жобасына арналған жиынға Елорданыӊ фискалды мемлекеттік мекемесініӊ 130 қызметкері қатысты. Жиынныӊ басты тақырыбы Елбасы Н.Назарбаевтыӊ 5 индустриалды реформасыныӊ жүзеге асуына арналған "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын түсіндіруге арналды

Астана. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін 09 қыркүйек Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ведомство басшылығыныӊ қатысуымен жиын өтті. Ұлт Жоспары "100 нақты қадам" жобасына арналған жиынға Елорданыӊ фискалды мемлекеттік мекемесініӊ 130 қызметкері қатысты. Жиынныӊ басты тақырыбы Елбасы Н.Назарбаевтыӊ 5 индустриалды реформасыныӊ жүзеге асуына арналған "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын түсіндіруге арналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл сұрақ бойынша Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментініӊ басшысы Ибілқайыр Сқақов баяндама жасады. Өз баяндамасында ведомство басшысы қатысушыларды Ұлт жоспарыныӊ басты тармақтарымен таныстырды. Сқақовтыӊ айтуынша, 5 реформаныӊ барлығы Қазақстанныӊ дүние жүзініӊ дамыған 30 елініӊ қатарына кіруге бағытталған жаӊа идеялардыӊ іске асуына мүмкіндік береді. Бес реформа да өмірдіӊ барлық саласын қамтиды. Мансаптық тәсілге негізделген мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаӊғырту, мемлекеттік қызметкерлердіӊ жалақысын қызметініӊ нәтижесіне байланысты өсіру, мемлекеттік қызметке шетелдік мамандарды тарту. Жергілікті полиция қызметін құру, сот жүйесін реформалау. ЭКСПО-2014 инфраструктурасы негізінде ағылшын құқығы бар Астана AFIC халықаралық қаржы орталығын ашу. Сөз сөйлеуші реформаныӊ теӊ жартысы экономикалық даму мен индустриализация сұрақтарын қамтитынын айтты. Мәселен, 37-46 бөлім кедендік рәсімдеуді оӊтайландыру мен салық және кедендік әкімшілендіруге тікелей бағытталған. Сқақов бұл қадамдардыӊ салық және кеден жүйесін интеграциялау реформасыныӊ жалғасы екенін атап өтті.

Сөз соӊында Сқақов жобаныӊ маӊыздылығына тоқталды:

"100 нақты қадам - бұл үлкен мегажоба. Оныӊ кез келген қазақстандық үшін және біздіӊ болашақ ұрпағымыз үшін маӊызы жоғары. Ұлт жоспарыныӊ әр тармағы оқушы мен студентке де, шаруа адамына, мемлекеттік қызметкер мен кәсіпкерге де түсінікті. Сондықтан әрқайсысымыз оныӊ жүзеге асуын өз жұмыс орнымызда, отбасында және қоғамда қамтамасыз етуіміз керек" - , деді

Жаӊа реформалар талқыланып болған соӊ, Департаменттіӊ құрылымдық бөлім басшылары мемлекеттік бюджетке түсімді арттыру, жалған кәсіпкерлікпен күрес және тауар импортына арналған жұмыс жоспарыныӊ орындалғаны туралы есеп тыӊдалды. Жыл соӊына дейін Департамент басты назарды "Астана - жалған кәсіпорындардан таза қала" атты жұмыс жоспарыныӊ орындалуына арнап отыр. Бұл құжат жаӊа форматта жасалып, барлық фискалды қызметтіӊ тығыз байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Отырыс нәтижесінде жыл соӊына дейін атқарылатын жұмыстар туралы айтылып, мемлекеттік бюджетке Астана қаласынан құйылатын қаражатты жинау жоспары мен көлеӊкелі экономикаға қарсы күрес тақырыбы талқыланды.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Депаратментініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны