21.07.2017, 23:03 4074

10 мыӊ алматылық отбасы 2017- 2024 жылдары ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша өздерініӊ тұрғын үй жағдайларын жақсартатын болады

Қала басшысына осы бағдарлама іске асқанда 10 мыӊ алматылық отбасыныӊ тұрғын үйін жақсартатыны айтылды.Қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыӊнан астам пәтер салынады, ол үшін таяудағы жеті жыл ішінде қала экономикасына жалпы көлемі 400 млрд. теӊге жеке инвестиция тартылып, 70 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017-2024 жылдары сүрілуі тиіс ескі үйлерге қатысты жасалған жаӊа бағдарлама аясында қала аумағындағы 1034 ескі құрылысты қайта жаӊарту бойынша көшпелі кеӊес өткізді.

Қала басшысына осы бағдарлама іске асқанда 10 мыӊ алматылық отбасыныӊ тұрғын үйін жақсартатыны айтылды.Қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыӊнан астам пәтер салынады, қала тұрғындары жаӊа әлеуметтік нысандармен, мектептермен, бала бақшалармен, емханалармен, жаӊартылған инженерлік коммуникациялармен, абаттандырыған аумақтармен және басқаларымен қамтамасыз етіледі. Ол үшін таяудағы жеті жыл ішінде қала экономикасына жалпы көлемі 400 млрд. теӊге жеке инвестиция тартылып, 70 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады.

"Біздіӊ басты мақсатымыз - тұрғын үйлерді жаӊартып қана қоймай, оныӊ бағасын төмендету, жаӊа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту. Мемлекет басшысы тек "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша ғана емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы есебінен де құрылыс салуды тапсырды. Біздіӊ қалада бұл үшін барлық жағдайлар бар, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз", - деді Бауыржан Байбек.

Ол жаӊа үйлердіӊ жобаларын жасағанда және құрылысты жүргізгенде коммуникация мен желілерге түсетін ауыртпалықты қатаӊ ескеру қажеттігін айтты және өкілетті органдардыӊ назарын жаӊа құрылыстар аулаларын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге аударды.

Қала басшысы жұмыс сапары барысында Жандосов көшесі бойындағы, Сүлейменов көшесі мен Щепкин көшесініӊ ортасына "Ескі үйлерді сүру" бағдарламасы бойынша салынған үйдіӊ сапасына сын айтты. "Құрылысты бұлайша жүргізуге болмайды.Бағасы төмен, қолжетімді баспаналар да сапалы салынуы тиіс"- деп атап өтті қала әкімі. Ол орын алған барлық кемшіліктерді түзетуді, салынған үйлер айналасына ағашттар отырғызуды, балалар және спорт алаӊдарын салуды, тұрғындардыӊ қозғалысы қиын топтары үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыруды және басқа да тиісті жағдайларды жасауды тапсырды.

Бұдан бұрын сарапшылар Қазақстанныӊ даму бағдарын барынша ашып айқындайтын президенттіӊ үш жолдауын атап көрсеткен болатын. Бұлар - "Илеуметтік-экономикалық жаӊғырту - Қазақстан дамуыныӊ басты бағыты", "Қазақстан халқыныӊ әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттыӊ басты мақсаты", "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаӊару жолында" атты жолдаулары.

Президент жолдауларында Қазақстан халқыныӊ әл-ауқатын арттыруға баса назар аударылады және ол мемлекеттік саясаттыӊ басты мақсаты деп белгіленген. Бұнда басты рөл "халық үшін нақты нәтижеге" бағытталған жеке инвестициялар мен жобаларға беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны