14.12.2012, 14:50 2926

11 жыл ішінде Қазақстанның автожол саласын дамытуға 1 трлн теңгеден астам қаражат инвестицияланды

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын таныстырған кезде мәлім етті.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - 11 жыл ішінде Қазақстанның автожол саласын дамытуға 1 трлн теңгеден астам қаражат инвестицияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын таныстырған кезде мәлім етті.

"Қазақстанда көлік инфрақұрылымы қарқынды даму үстінде. Тек қана 11 жылдың ішінде автожол саласын дамыту үшін 1 трлн 260 млн теңге инвестицияланған. Осы жылдар ішінде 48 мың км автожол мен 1100 км теміржол қайта жөндеуден өтіп, қалпына келтірілді. Посткеңестік мемлекеттердің ішінде біз сияқты ешқайсысы мұндай сандарды мысалға келтіре алмайтыны анық", - деді Н.Назарбаев.

"Біз "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" атты жаңа Жібек жолын жандандырудамыз, оның 2700 шақырымы біздің территориямызды баспы өтеді және оның құрылысын 2014 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны