28.05.2015, 18:30 3658

1200 әскери қызметші шартты заӊсыз әскери құралымды жойды

37-ші десанттық-шабуылдаушы бригаданыӊ әскери қызметшілері, Ми-24 пен Ми-17 тікұшақтарындағы армиялық авиацияныӊ ұшқыштары және ҚР ҰҚК ШҚ 3-ші шекара жасағы шартты заӊсыз әскери құралымды жоюды жүзеге асырды

Астана. 28 Мамыр. Kazakhstan Today - 37-ші десанттық-шабуылдаушы бригаданыӊ әскери қызметшілері, Ми-24 пен Ми-17 тікұшақтарындағы армиялық авиацияныӊ ұшқыштары және ҚР ҰҚК ШҚ 3-ші шекара жасағы шартты заӊсыз әскери құралымды жоюды жүзеге асырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірлескен оқу-жаттығу "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ "Изенді" полигонында өтті. Сценарий бойынша шартты заӊсыз әскери құралым мемлекеттік шекараны бұзды және заӊсыз ел аумағына баса көктеп кірді. Қылмыстық топтыӊ бір бөлігі шекарашыларды ұстап, қалғандары қорғанысты бұзып өтті және алға қарай ілгеріледі. Осы сәтте оқу-жаттығуға авиация қосылды. Ұшқыштар заӊсыз топтасудыӊ орналасқан орнын белгіледі және авиасоққыларды жүзеге асырды. Оқиға орнына келіп жеткен шабуылдық топ заӊсыз әскери құралымды жою бойынша соӊғы іс-қимылдарды жүргізді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жалпы, әскери қызметшілер қойылған жауынгерлік тапсырманы сәтті орындады және өздерініӊ жауынгерлік әзірлігін растады. Бүгіннен бастап жауынгерлер жаяу жүріс тәртібінде өздерініӊ ұдайы орналасу орындарына қайтады.

Оқу-жаттығу "Шығыс" ӨӊҚ әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектановтыӊ басшылық етуімен өтті. Искери жиынға қатысу үшін байланыс батальоныныӊ әскери қызметшілері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету полкі, 32355-К әскери бөлімініӊ штабтық ротасы тартылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны