23.07.2018, 23:52 4451

12 тамызда Ақтау қаласында бесінші Каспий саммиті өтеді

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 23 шілде. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары әӊгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтыӊ, сондай-ақ өӊірлік және халықаралық күн тәртібініӊ мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін, соныӊ ішінде биылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны