13.05.2025, 13:41 31086

13 мамырдан бастап "Шу-Бурылбайтал" автожолы ақылы болады

13 мамырдан бастап "Шу-Бурылбайтал" автожолы ақылы болады
13 мамырдан бастап "Шу-Бурылбайтал" автожолы ақылы болады, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінен.

ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 133 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 13 мамырдан бастап республикалық маңызы бар "Шу-Бурылбайтал" автомобиль жолының 92,2-268 шақырым аралығындағы учаскесі ақылы болатынын хабарлайды.


Ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 175,8 шақырым, ІІ-санат, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта бір жолақ.

Балама тегін жол "Шу - Қайнар - Кенен - Қарабастау - Қаншеңгел - Ақсүйек - Бурылбайтал" автомобиль жолы арқылы ұсынылады.

Бұл учаскеде жеңіл көліктер үшін төлем алынбайды. Ал автобустар мен жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Сондай-ақ, төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны