18.02.2021, 18:24 8845

СІМ: Қазақстан Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайды

Қазақстан Астана процесінің қағидаттарын берік ұстанады.
Нұр-Сұлтан. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайтын мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 ж. 16-17 ақпанында Сочиде өткен Астана процесінің кепілгер елдері - Ресей, Иран және Түркия, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары 2021 жылы жоспарланған президенттік сайлау алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды. Осыған байланысты Қазақстан Астана процесінің қағидаттарын берік ұстанады", - делінген хабарламада.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны