20.09.2019, 13:15 49214

Қызылордада өтіп жатқан фестивальге 150-ге жуық өнерпаз бен фольклортанушы ғалымдар қатысуда

Шараның екінші күні, яғни бүгін, облыстық мекемелер үйінде "Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі рөлі" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциямен жалғасады. Жастар ресурстық орталығында "Түркі әлемін тоғыстырған Сыр елі" атты түркітілдес елдер жастарының пікір алмасуы өтеді.

Қызылорда. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылордада 19-21 қыркүйек аралығында түркі тілдес елдердің "Қорқыт және Ұлы Дала сазы" халықаралық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

2006 жылдан басталған өнер фестиваліне Түркия, Иран, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 150-ге жуық өнерпаз бен фольклортанушы ғалымдар қатысуда.

Кеше фестивальге қатысушы қонақтар алдымен облыстық тарихи-өлкетану музейі, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан қала тарихы музейі және "Рухани жаңғыру" орталығына барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Шара Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде "Тұран - түркі есігі, Қорқыт - жырдың бесігі" атты өнерпаздар концертіне ұласты.

Шараның екінші күні, яғни бүгін, облыстық мекемелер үйінде "Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі рөлі" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциямен жалғасады. Жастар ресурстық орталығында "Түркі әлемін тоғыстырған Сыр елі" атты түркітілдес елдер жастарының пікір алмасуы өтеді.

Кешке "Достық үйінің" алаңында "Қорқыт және Ұлы Дала сазы" фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі болады.

Ал шараның соңғы күнінде қаладағы оқу орындары мен облыстық филармонияда өнерпаздар шеберлік дәрістерін көрсетеді.

Түскі үзілістен соң құрметті қонақтар Қармақшы ауданындағы "Қорқыт ата" ескерткіш кешеніне барады. Ол жерде Сыр елі қолөнер шеберлерінің ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі және "Алтыбақан" жастар ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Кешке фестивальдің салтанатты жабылу шарасы болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны