24.09.2020, 22:01 10217

15, 3 миллион қазақстандық МӘМС жүйесінде сақтандырылған -Төкежанов

Қазір МӘМС жүйесінде 15,3 млн. адам сақтандырылған. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша медициналық сақтандырудан 3,4 млн. адам тыс қалған, - деп хабарлады ОКҚ брифингінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Алматы. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - 15, 3 миллион қазақстандық МӘМС жүйесінде сақтандырылған -Төкежанов

Қазір МӘМС жүйесінде 15,3 млн. адам сақтандырылған. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша медициналық сақтандырудан 3,4 млн. адам тыс қалған, - деп хабарлады ОКҚ брифингінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

"Бүгінгі таңда 3,4 миллион қазақстандық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандырылмаған. Бұл жалпы халықтың 18 пайызы. Оның ішінде 2 млн. астамы - БЖТ төлеуші, дербес төлеуші, жалдамалы жұмысшы, ЖК, жеке практикамен айналысатын азаматтар. Олардың атынан қорға тұрақты түрде аударым түспегендіктен, жүйеден тыс қалған. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 1,3 млн адам МӘМС жүйесіне бірде-бір рет жарна мен аударым жасамаған, сондықтан оларда медициналық сақтандыруда мәртебесі жоқ", - деді Б.Төкежанов.

Ол биыл 1 шілдеде медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік кезеңі аяқталғанын еске салды. "МӘМС туралы" заң бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қорға жүйелі түрде жарна мен аударым жасаған адамдар сақтандыру мәртебесіне ие, бұған жеңілдік жасалған 15 санатқа кіретіндер қосылмайды. Алайда, ТЖ кезінде халықтың бір бөлігі табысынан және осы жарналарды төлеу мүмкіндігінен айырылды.

"Осыған байланысты Қор пандемия кезінде сақтандыру мәртебесін жоғалтқандарға көмексету үшін Үкіметке бірқатар ұсыныс жасады. Нәтижесінде медициналық сақтандыру жүйесіне 740 мыңға жуық адамды қайта "қайтардық"", - деді Медициналық сақтандыру қорының басшысы.

Азаматтар сақтандыру жүйесіне қатысу үшін жыл басынан бері ай сайын үздіксіз Қорға төлем жасауы тиіс. Төкежанов, сондай-ақ МӘМС тыс қалған адамдарды жүйеге қатысуға шақырды.

"Сақтандырылған азаматтар үшін медициналық қызметтердің көлемі мен құнына қатысты шектеу жоқ. МӘМС-ке жылына 25 мың теңге көлемінде ең төменгі төлем жасаған пациент медициналық көмекті тегін алады, ал аударған жарнасының сомасы маңызды емес", - деді ӘМСҚ басшысы.

ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартуға жол жоқ - Төкежанов

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандыру мәртебесі болмаған жағдайда, азаматтарға ТМККК пакеті бойынша тегін медициналық қызмет көрсетіледі, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

"Егер адам сақтандырылмаған болса да, ол мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек алуға құқылы, одан ешбір медициналық ұйым бас тартпау керек. Біз азаматтардың қорға жазған шағымдарын өте мұқият қараймыз", - деді Б. Төкежанов.

Ол ТМККК негізінде әрбір адам үшін медициналық көмектің қажетті көлемі қамтамасыз етілетінін еске салды. ТМККК-і медициналық-санитариялық алғашқы көмекті, шұғыл стационарлық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар және негізгі созылмалы аурулар кезінде медициналық көмектің толық спектрін қамтиды. Мысалы, жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, педиатр пациентті МӘМС жүйесінде сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан қабылдайды.

"Егер сізде созылмалы ауру болса, сіз әлеуметтік мәні бар аурулар және динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар бойынша есепте тұрсаңыз, онда бейінді маманның қабылдауы ТМККК пакеті бойынша да жүзеге асырылады. Қазір Қорға Qoldau 247 қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы кепілдендірілген көмек көрсетуден бас тартқан емханалар туралы шағымдар жиілеп кетті. Тағы да қайталаймын, ТМККК пакетіне кіретін көмекті көрсетуден бас тартуға жол берілмейді", - деді Қор басшысы.

Сонымен қатар, сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек қызметтердің кеңейтілген тізбесі бойынша көрсетіледі. Пациенттердің жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеру, мектеп медицинасы, бекітілген тізбе бойынша шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі. МӘМС пакетінде медициналық көрсеткіштер бойынша инфаркт, инсульт, түрлі жарақаттар мен операциялық араласулардан кейін, сондай-ақ балалардың созылмалы аурулары кезінде пациенттер үшін медициналық оңалту қолжетімді.

"Әрине, биыл еліміздің денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды, пандемия медициналық сақтандыру есебінен ұсынылатын консультацияларға, диагностикаға, оңалтуға қолжетімділікті арттыру бойынша біздің жоспарларымызды өзгертті. Емханалар мен ауруханалар енді қалыпты режимге оралды және халыққа жоспарлы көмек көрсетуде", - деп атап өтті Төкежанов.

ӘМСҚ коронавирус және пневмонияға қарсы күрес шараларына 159 млрд. теңге бөлді - Медициналық сақтандыру қорының басшысы

Қазақстандықтар коронавирус инфекциясы және пневмония кезінде медициналық көмекті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарамастан тегін алады. Қор коронавируспен және пневмониямен күрес бойынша іс-шараларды 159 млрд. астам теңгеге қаржыландыруды көздеп отыр, - деп хабарлады ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

"Коронавирус инфекциясын емдеуге байланысты ТМККК және МӘМС пакеттеріне өзгерістер енгізілді. COVID -19 шалдыққан пациенттерге және COVID-19 күдікті жағдайда мобильді бригада мен стационарлық қызмет үйде көрсетіледі. Бұл қызметтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық қазақстандыққа арналған. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ТМККК пакетінде "байланыста болған адамдарды, бактерия мен вирус тасымалдаушыларды және инфекциялық ауруға күдікті адамдарды оқшаулау бойынша" қызметтер көзделген", - деді Төкежанов.

Осылайша, бұл өзгерістер сақтандыру мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққандарға медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді, -деді ол. Бұл әсіресе күзде инфекцияның ықтимал екінші толқына кезінде өзекті.

"Қазір Қор тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес бойынша іс-шараларды қарыландыру үшін 159 млрд. астам теңге қарастырылған. Оның ішінде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге - 50,5 млрд теңге, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыға - 91,9 млрд теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР-зерттеуге - 4,2 млрд теңге, үйдегі стационарда қызмет көрсетуге - 0,4 млрд. теңге, амбулаториялық деңгейдегі ПТР- ға - 10 млрд теңге, мобильді бригадалардың жұмысына - 2,4 млрд теңге беріледі", - деп нақтылады Басқарма төрағасы.

Наурыздан шілдеге дейін Қор 36,9 млрд теңгені емдеу, ПТР-тестілеу және мобильді бригадалардың жұмысына төледі. Оның ішінде 5,6 млрд теңгеге 500 мыңға жуық ПТР-тест жасалды. Инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуға 31 млрд. астам теңге жұмсалды. Құрылған мобильді бригадалар шілде айында шақырған 43 мың үйге барған.

Жыл соңына дейін пациенттерге коронавирусқа қарсы шамамен 2 млн. ПТР-зерттеу жүргізу, оның ішінде стационарларда 600 мыңға жуық, амбулаториялық - 1,4 млн. астам тест жасау жоспарланған.

ӘМСҚ дәрігерлерге 73,7 млрд теңгеден астам үстемақы төледі -Төкежанов

Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғалы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеу мақсатында 73 миллиардтан астам теңге бөлді. Тек тамыз айында ғана коронавирус инфекциясымен және пневмониямен күреске тартылған 66 мыңнан астам медицина қызметкері жалақыға үстемақы алады, - деп хабарлады ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

"Қор эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері мен мамандарға үстемақы төлеуді жалғастыруда. Наурыз-тамыз айларында 73,7 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы төленді", - деді Төкежанов.

Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес медицина қызметкерлерінің тізімі кеңейгенін еске салды. Оған мобильді бригадалардағы дәрігерлер мен медбикелер, МСАК жанындағы жедел жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық), орталық атқарушы органдардың сот-медициналық бөлімшелерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері кірді.

"Тамыз айының қорытындысы бойынша Қор COVID-19, вирустық пневмониямен күреске тартылған 66 мың медицина қызметкеріне 17 млрд теңгеге жуық үстемақы төлейді", - деп хабарлады ӘМСҚ басшысы.

COVID-19 пен пневмониядан жазылып шыққан пациенттерді оңалту емі - ӘМСҚ

Коронавирус инфекциясымен және орташа ауыр, ауыр және аса ауыр пневмониямен ауырып жазылған қазақстандықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен оңалтудан өтеді. Бұл азаматтардың үйде немесе ауруханада емделгеніне байланысты емес. Денсаулық сақтау министрлігінің "Медициналық оңалту ережелерін бекіту туралы" тиісті бұйрығы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуде, - деп хабарлады ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

"Коронавирус пен пневмонияға шалдыққан МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер медициналық сақтандыру қаражаты есебінен оңалту қызметтерін ала алады. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің "Медициналық оңалту ережелерін бекіту туралы" бұйрығының жобасы Әділет министрлігінде тіркелген", - деді Төкежанов.

Бұйрық бекітілгеннен кейін коронавирус инфекциясы мен орташа ауыр, ауыр және өте ауыр дәрежелі пневмониямен ауырған науқастар медициналық оңалтуға жатады. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитологтың қатысуымен аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша беріледі.

"Көрсеткіштерді бағалаудың негізгі критерийлері: тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілік (Бартел индексі). Өте ауыр және ауыр дәрежедегі КВИ немесе пневмониямен ауырған пациенттер тәулік бойы стационар деңгейінде 2 кезеңдегі оңалтуға жатады, кейіннен 3 кезеңге ауыстырылады. Орташа ауыр КВИ/пневмонияға шалдыққан пациенттер тәуліктік стационар деңгейінде, оның ішінде санаторий-курорттық жағдайда, күндізгі стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде 3 кезеңдегі оңалтуға жатады. Сондай-ақ, үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтарға 3 кезеңді оңалту қарастырылған. Әрине, олар да мультидисциплинарлық команданың тексеруінен өтуі керек", - деді ол.

Төкежанов қазірдің өзінде коронавирус инфекциясы мен пневмониямен ауыратын науқастарды ерте оңалту ауруханада емделу кезінде "Коронавирус инфекциясы - COVID-19" клиникалық хаттамасының 10-редакциясына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

Жалпы, оңалту қызметтерін көрсету үшін биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 559 жеткізушімен 46,7 млрд теңгеге шарт жасасты. Олардың қатарында 203 жеке медициналық ұйым бар.

"Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бекітілгеннен кейін, Қор коронавирус немесе пневмониядан жазылып шыққан, медициналық оңалтуға мұқтаж сақтандырылған пациенттердің емін қаржыландыруға дайын", - деді Басқарма төрағасы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны