13.05.2015, 15:39 15555

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні.

Бұл күн 1993 жылы қыркүйекте БҰҰ-ныӊ Бас Ассамблеясымен бекітілген және 1994 жылдан бастап аталып өтуде. Бұл күнді белгілеу әлем алаӊдаушылығынан туындады және жұртшылықтыӊ назарын қазіргі отбасы жағдайына аудару, қоғамныӊ бір интитуты ретінде отбасыныӊ маӊыздылығын көтеруге шақыру

Астана. 13 Мамыр. Kazakhstan Today - Бұл күн 1993 жылы қыркүйекте БҰҰ-ныӊ Бас Ассамблеясымен бекітілген және 1994 жылдан бастап аталып өтуде. Бұл күнді белгілеу әлем алаӊдаушылығынан туындады және жұртшылықтыӊ назарын қазіргі отбасы жағдайына аудару, қоғамныӊ бір интитуты ретінде отбасыныӊ маӊыздылығын көтеруге шақыру, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол" Қазақстан халқына Жолдауында " ... Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік - ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздіӊ балаларымыздыӊ бақыты. Бейбітшілік - ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеӊгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еӊбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік", - деп атап айтқан.

Халықаралық отбасы күні Қазақстан Республикасында 2015 жылдыӊ 15 мамырында отбасы институттарыныӊ рөлін арттыру, репродуктивтік денсаулыққа ортақ жауапкершілікпен қарауды, өзіӊніӊ және жақындарыӊныӊ денсаулығына қатысты жауапты қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар өмірге дені сау балалардыӊ келуіне жағдай жасау мақсатында "Отбасы - ұрпақтыӊ саулығы, ұзақ өмір сүруі мен сабақтастығы" ұранымен өтеді.

Отбасы И ұрпақтан-ұрпаққа біздіӊ мәдени құндылықтарымызды, ұлттық дәстүрімізді сақтау мен беруге арналған маӊызды орта, сондықтан ол балаларды, қарттарды және мүгедектерді адамгершілік және материалдық тұрғыдан қолдайды. Халықаралық отбасы күнін өткізу отбасы мәртебесін көтеруге, маӊызды мәселелерді және қажеттіліктерді түсінуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Халықаралық отбасы күнініӊ шеӊберінде елде отбасын жоспарлау, жас аналар, босануға дайындық, дені сау бала денсаулық мектептерініӊ жұмыстарын жандандыруға бағытталған шаралар; бейінді медицина мамандарын тарту арқылы әйелдер мен ер адамдардыӊ денсаулықтарына кері әсер ететін ерте жүктілікке жол бермеу, ЖЖЖИ, АИТВ/ЖИТС-тыӊ, мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларыныӊ алдын алу, отбасын жоспарлаудыӊ маӊыздылығы мәселелерін БАҚ-та хабарлау бойынша дөӊгелек үстелдер, баспасөз мәжілістерін өткізу; БАҚ-та хабарлау арқылы халық жаппай жиналатын (саябақ, алаӊ, стадион, спорттық алаӊдар, неке және мәдениет сарайлары, супермаркеттер және т.б.) орындарда спорттық шаралар және т.б. кеӊ ауқымды акциялар өткізу.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығыныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны