15.02.2016, 11:42 3571

16 ақпанда Елбасы 2017 жылғы Универсиаданы өткізуге дайындық бойынша кеӊес өткізеді

Қазақстан Президентініӊ төрағалығымен 16 ақпанда Алматы қаласын дамыту және 2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық жөнінде кеӊес өтеді.

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Ақорданыӊ ресми сайты Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аӊдатпасын жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президентініӊ төрағалығымен 16 ақпанда Алматы қаласын дамыту және 2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық жөнінде кеӊес өтеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарға барады деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны