14.08.2020, 19:19 6698

16 тамыз күні Атырау гарнизонының әскери бөлімінің саптық алаңында жас толысымдағы сарбаздар әскери ант қабылдады

Ант қабылдағаннан кейін әскерге шақырылушылар кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша әскери дайындықты бастайды. Алдағы уақытта оларды бірінші оқу-жаттығулары, жаяу шерулері мен атыс дайындықтары күтіп тұр.

Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - 16 тамыз күні Атырау гарнизонының әскери бөлімінің саптық алаңында жас толысымдағы сарбаздар әскери ант қабылдады.

Түркістан және Алматы облыстарынан шақырылған 85 әскери қызметші салтанатты жағдайда әскери анттарын қабылдады. Іс-шараға "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы полковник Нұрлан алдияров пен Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты әскери қызметшілердің ата-аналары мен туысқандары жас қорғаушыларды келіп қолдап, құттықтай алмады. Алайда ата-аналары мен туыстарынан келіп түскен хаттарды командирлер әскери трибунадан оқып берді.

"Бүгін осындай салтанатты жағдайда біздің ұлдарымыз әскери ант қабылдауда. Кеше ғана сендер емін-еркін жүрген боз бала едіңдер, ал бүгін Отан қорғаушы атанып отырсыздар. Әрбір ата-ана осы уақытта өз үйлерінде толқып, тақымын қысып отыр. Сіздер әрқайсымыздың мақтанышы мен тірегіміз екенің ұмытпауларынды сұраймын. Елге абыроймен оралындар балаларым. Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын және Отанымыздың игілігі үшін лайықты қызмет етулеріңізді тілеймін", - деп жазды сарбаз Алдияр Есалының анасы Гүлсара Раимқұлқызы.

Алматы облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Руслан Скобцов - сол күні әскери ант қабылдаған жас сарбаздардың бірі.

"Біз барлығымыз ант қабылдағанымызды мақтан тұтамыз және егемен Қазақстанға құрметпен қызмет етеміз! Бізге алғашқы әскери дайындықты үйреткен барлық командирлерге рахмет, біз сіздердің сенімдерінді ақтаймыз", - деді әскери қызметші өз сөзінде.

Ант қабылдағаннан кейін әскерге шақырылушылар кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша әскери дайындықты бастайды. Алдағы уақытта оларды бірінші оқу-жаттығулары, жаяу шерулері мен атыс дайындықтары күтіп тұр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны