19.10.2018, 20:52 5909

19 қазан - Қазақстан құтқарушыларыныӊ кәсіби мерекесі

2018 жылдыӊ 9 айында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 2,8 мыӊ адамды құтқарды, 15,2 мыӊ адамды эвакуациялады.

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасыныӊ орталық атқарушы органдарыныӊ құрылымын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентініӊ 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 Жарлығымен еліміздіӊ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасыныӊ Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды.

Қазақстан Республикасыныӊ Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетініӊ құрылған күні азаматтық қорғау жүйесініӊ кәсіби мерекесі - Құтқарушылар күні болып табылады.

Қазіргі заманғы жағдайда азаматтық қорғау жүйесі міндеттердіӊ кеӊ спектрін жүзеге асырады және төтенше жағдайлардыӊ, өрттер мен техногендік апаттардыӊ алдын алу мен салдарын жоюда, халықтыӊ төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындық деӊгейін арттыруда және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда айрықша рөлге ие.

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өзініӊ аумақтық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, күштерімен және құралдарымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі жедел қызметті атқарады. Бұл - әрдайым қажет және тәулік бойы әзірлікте болатын күштер мен құралдар.

Соӊғы 5 жыл ішінде (2013-2017 жылдар) құтқару бөлімшелері 325 мыӊға жуық шығуды жүзеге асырды, 39 мыӊнан астам адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 128 мыӊнан астам адам эвакуацияланды, 29 мыӊнан астам зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

2018 жылдыӊ басынан бастап құтқару бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 51,5 мыӊ шығуды жүзеге асырды, 8,2 мыӊнан астам адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 17,6 мыӊнан астам адам эвакуацияланды, 4 мыӊға жуық зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Халықты төтенше жағдайлардыӊ туындау қаупі мен туындауы туралы ақпараттандыру үшін 1,3 мыӊ рет СМС-хабарлама жолданды.

"Қазавиақұтқару" АҚ ұшу құрамы мен құтқару авиациясы іздеу-құтқару жұмыстары, өрт сөндіруге, оқу-жаттығулар мен жаттығуларға қатысу, жеке құрамды көшіру, аэровизуалды тексерулер жүргізу, сондай-ақ санитарлық авиация желісі бойынша1,3 мыӊрет ұшты.

Сонымен қатар, Қазавиақұтқару ден қоюды жоғары жеделдікпен орындайды. Су тасқынына ұшырағанаумақтарға аэровизуалды аралау жүргізді. "Қазселденқорғау"ММ-ніӊ жеке құрамын, техникасы мен жабдықтарын биік таулы бекеттер мен көлдерге, аса қауіпті мұздақ көлдерде инженерлік іс-шараларды өткізу аймағына жеткізуді қамтамасыз етті, сел қауіпті учаскелер мен мұздақ көлдерге аэровизуалды тексеру жүргізді.

Алматы облысындағы Көлсай көліне жақын маӊдағы сырғыма кезінде мамандар мен жабдықтарды жеткізу, аумақты айналып ұшутуындаған қатерді жоюға мүмкіндік берді.

Құтқару авиациясыныӊ тиімділігіне өрттерді сөндіруде көз жеткізілді,жыл басынан бері тікұшақтар табиғи және басқа да өрттерді сөндіруге бірнеше рет тартылды.

Сонымен қатар, Қазавиақұтқару халықаралық құтқару операцияларына тартылды. Ағымдағы жылдыӊ шілде айыныӊ басында Қазавиақұтқару тікұшағы Қырғызстанда альпинистерді құтқару және эвакуациялау бойынша құтқару операциясын өткізді. Ағымдағы жылдыӊ шілде айыныӊ соӊында Қазавиақұтқару Ми-171 тікұшағы, экипаж және ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағы жедел тобыныӊ бортындағы МИ-171 тікұшағыныӊ көмегімен Қырғыз Республикасыныӊ Шу облысындағы Скрябино Мұздағында тас астында қалған зардап шеккен туристерді эвакуациялады.

"Қазселденқорғау" ММ мамандары көшкін қауіпті учаскелерге 400-ден астам жер үсті және аэровизуалды зерттеулер жүргізді. Көшкін қауіпті кезеӊде Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысыныӊ таулы аудандарында 26 қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарын жүргізді, таулы аудандарда қар тоқтататын қалқандар жөнделді және қалпына келтірілді.

Ағымдағы жылы сел қауіпті маусым басталғаннан бері "Қазселденқорғау" ММ" селжәне көшкін қауіпті учаскелерге, оныӊ ішінде мұздақ көлдерге 1,2 мыӊнан астам жер үсті және аэровизуалды зерттеулер жүргізді. Жыл бойғы бақылау бекеттері тәулік бойғы мониторингті қамтамасыз етті. 16жарылуы қауіпті мұздық көлге алдын алу іс-шараларкешені өткізілді. Барлығы 8,4 млн. текше метрден астам су төгілді. Жалпы қабылданған шаралар қауіпті сел шығарындылары мен сырғыма шығуларына жол бермеуге мүмкіндік берді.

ТЖК жүйесіндегі буындардыӊ бірі Апаттар медицинасы орталығы болып табылады. Орталықта шұғыл ден қою бригадасы аварияларға, өрттерге, жол-көлік оқиғаларына және басқа да төтенше жағдайларға шығуға жедел кезекшілікте тұрады. Ағымдағы жылдыӊ басынан бері Апаттар медицинасы орталығыныӊ трассалық медициналық-құтқару пункттері 1,1 мыӊ шығу жасады, 1,2 мыӊ адамды эвакуациялады, 2,4 мыӊ зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті. ТМҚП жұмысы өз жауапкершілік аймақтарында ЖКО кезінде өлім-жітім санын қысқартуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет дамуда. Өрт сөндіру қызметі бірнеше жылдар бойы табиғи өрттерді уақтылы анықтау және оған ден қою үшін Жерді қашықтықтан зондтау қызметін белсенді пайдаланады. Нәтижесінде ғарыш мониторингі анықтаған орташа есеппен 30 гектардан аспайтын алқаптарда болған өрттеруақтылы табылуы мен ден қойылуына байланысты жойылды.

Біртіндеп мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрттерге және түрлі төтенше жағдайларға тиімді ден қою үшін орындалатын міндеттердіӊ кеӊ спектрі бар жаӊа көп функциялы техникалық ресурстармен жабдықталуда, өӊірлерде өрт сөндіру депосыныӊ жаӊа кешендері салынуда.

Соӊғы 5 жылда республика бойынша Астана, Алматы (2), Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Арал, Жаӊаөзен және Шымкент қалаларында өрт сөндіру депосыныӊ 9 кешені салынды. Өртке қарсы қызмет объектілерін пайдалануға енгізгеннен кейін оларды штаттық жинақтау мәселелері оӊ шешімін тапты. Қазіргі уақытта Астана және Атырау қалаларында 6 автомобильге арналған тағы да 2 өрт сөндіру депосыныӊ құрылысы жүзеге асырылуда.

Жыл сайын елімізде өртке қарсы қызмет бөлімшелері 45 мыӊнан астам өрт пен жануға шығады. Тек 2017 жылы өрттерді жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндірушілер 4 мыӊнан астам адамды құтқарды және 20 мыӊнан астам адамды эвакуациялады.

2018 жылдыӊ 9 айында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 2,8 мыӊ адамды құтқарды, 15,2 мыӊ адамды эвакуациялады.

Халықтыӊ қауіпсіз тіршілік әрекетіне жағдай жасауға бағытталған "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заӊы іске асырылуда. Осы Заӊды іске асыру үшін Президенттіӊ 3 Жарлығы, Үкіметтіӊ 21 қаулысы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органныӊ 63 бұйрығы қабылданды.

"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊы 2014 жылғы 11 сәуірде қабылданды және төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл саласында бұрын қолданыста болған алты заӊнамалық актілерді біріктірген және жүйелендіріп топтастырылған болып табылады,бұл ұзақ мерзімдік перспективада апаттарға қарсы іс-қимылдыӊ жаӊа идеологиясын іске асыруға мүмкіндік берді.

Соӊғы 5 жыл ішінде (2014-2018) Қазақстан азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 16 халықаралық келісім жасасты. Осылайша, бүгінгі күні осы саладағы шарттық-құқықтық база 31 келісімді құрайды.

Қырғызстанмен бірлесіп Алматы қаласында тұрақты орналасқан Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардыӊ қауіп-қатерін азайту жөніндегі халықаралық ұйым-орталық құрылды. Орталықтыӊ мақсаты-төтенше жағдайлардыӊ қаупін төмендету және олардыӊ зардаптарын жеӊілдету,тараптармен келісілген шаралар арқылы бірлескен іс-қимыл жасау және өӊірлік және халықаралық ынтымақтастықты ынталандырудыӊ тиімді тетіктерін қамтамасыз ету болып табылады.

ТЖК күштері мен құралдарыныӊ негізін құрайтын құтқару бөлімшелерініӊ бөлігі жедел-құтқару жасақтары болып табылады. Жасақтар авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін, оныӊ ішінде аса күрделі және қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізеді, сондай-ақ республиканыӊ су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Құтқарушылар күн сайын құтқару жұмыстарын жүргізеді және ірі көлемді ТЖ-ны жоюға қатысады, жүздеген адам өмірін құтқарады.

Кәсіби дағдыларды жетілдіру, тәжірибе алмасу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудіӊ қазіргі заманғы әдістерімен алмасу үшін жасақ құтқарушылары жыл сайын "Қазқұтқару" жиын-семинарына, республикалық және халықаралық жаттығуларға қатысады. Соӊғы бес жыл ішінде Қазақстанда ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД, ХАҚҰ, Қытаймен ынтымақтастық желісі бойынша және Каспий маӊы мемлекеттері шеӊберінде 11 халықаралық оқу-жаттығу өткізілді.

Осы жылы Каспий маӊы мемлекеттерініӊ "ТENIZ-2018" халықаралық кешенді оқу-жаттығуы сияқты ірі халықаралық оқу-жаттығулар өткізілді, оған төрт ел - Қазақстан, Изірбайжан, Ресей және Түрікменстанныӊ құтқару қызметтерініӊ мүшелері қатысты. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және салдарын жою саласындағы уәкілетті органдардыӊ бөлімшелерімен "Скала-2018" ІІІ бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы.

Сонымен қатар, "Kазспас-2018" 23-ші жиналысыныӊ семинары өткізілді және Республикалық құтқару құрама командасы барлық қашықтықтарды өткізудіӊ қорытындысы бойынша жеӊімпаз атанды Төтенше жағдайлардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті азаматтық қорғау органдарыныӊ мамандарын дайындау бойынша мемлекеттіӊ міндеттерін осы саладағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылатын Көкшетау техникалық институты жүзеге асырады. 20 жылдан астам жұмысында Көкшетау техникалық институты азаматтық қорғау саласында білім беру қызметін сәтті жүргізетін жоғары оқу орны беделіне ие болды.

Ағымдағы жылы КТИ-ға күндізгі оқу факультетініӊ курсанттарыныӊ құрамына 180 талапкер қабылданды, оныӊ ішінде үкіметаралық шарттарға сәйкес Қырғыз Республикасыныӊ 6 азаматынқабылдады, Ресей және Беларусь Республикасыныӊ ТЖМ бейіндік ЖОО-ға 37 курсантжіберілді.

Азаматтық қорғау қызметініӊ қызметкерлерінен апаттарға қарсы тұруға тәулік бойғы даярлық талап етіледі . Құтқарушылар тіпті бейбіт күндері де адамдардыӊ өмірі мен денсаулығы үшін күресуде алдыӊғы қатарда тұрады. Тек еӊ батыл, ержүрек және тез шешім қабылдай білетіндер ғана құтқарушы жұмысын таӊдайды. Олардыӊ кәсібилігі, жеделдігі мен батырлығы қазақстандықтарға өздерін төтенше жағдайлардан қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны