04.07.2019, 13:38 8864

Арыстағы қалалық аурухана 1 айда жұмысын жалғастырады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан секторлардың жұмысымен танысты. Әрбір облысқа қарасты тұрғын үйлерді аралады.

Нұр-Сұлтан. 4 шілде. Kazakhstan Today - ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АРЫСТАҒЫ ӘРБІР СЕКТОРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖІТІ ҚАДАҒАЛАУДА

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан секторлардың жұмысымен танысты. Әрбір облысқа қарасты тұрғын үйлерді аралады. Өңір басшысы әуелі Жамбыл облысы штабына аялдап, жұмысшы топпен кездесті. Облыс әкімі жөндеу жұмыстары бойынша әрбір штаб онлайн жүйеде есеп беріп отыру қажеттігін айтты.

Кейін Жамбыл облысына қарасты 3-сектордағы жөндеуден өтіп жатқан жеке тұрғын үйлерді көрді. Тұрғындармен кездескен Өмірзақ Естайұлы барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары 1 айда аяқталып, қала жаңа кейіпке енетінін жеткізді.

Айта кетерлігі, Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлінген. Оның ішінде, Жамбыл облысына 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүктелген. Бұден бөлек, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар бар. Қазіргі таңда жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер өз аумағындағы үйлерді

қалпына келтіру жұмысына белсене кіріскен. Соның нәтижесінде 5 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр. Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 180 құрылысшысы жұмылдырылған. Олар қазіргі таңда 43 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын қызу атқаруда.

Сонымен қатар, облыс әкімі Атырау облысына қарасты 1-сектордың жұмысымен танысты. Атыраулық аймаққа 450 нысан қарайды. Батыстық 9 компаниядан 200-ге жуық жұмысшы жөндеу жұмыстарына белсене кіріскен. Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстарын уақытында сапалы етіп аяқтауды жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 АЙДА АРЫСТАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Арыстың бүгінгі жай-күйі туралы нақты ақпарат беру мақсатында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Бятов, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Егізбаев журналистердің қатысуымен брифинг берді.

"ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Арыс қаласына тиесілі аумақты толық қайта тексеру жұмыстарын жүргізуде. Қала маңындағы Ақдала, Дермене ауылдарын тазарту аяқталды. Сондай-ақ Арыс аумағына және оған тиесілі жерлерде радиациялық, биологиялық жағдайға мониторинг жасалды. Қалада радиациялық фон бірқалыпты. Жарылыс болған әскери бөлімше командирі қазіргі уақытта қызмет орнында. Оған қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлімдеді полковник Е. Бятов.

Арыс қаласының әкімі М. Қыдырбек "Апаттан зардап шеккен қала қазіргі таңда 17 секторға бөлініп, әр облыс жұмысын бастағаны белгілі. Қазіргі таңда 170 бригада құрылысқа кірісті. Жөндеу жұмыстары бір айдың ішінде аяқталады", - деді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Егізбаев қазіргі таңда Арыстағы емхана науқастарды қабылдап жатқанын және 1 ай ішінде қалалық аурухана іске қосылатынын атап өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

"МЕНІҢ АТАМЕКЕНІМ" - АРЫС ҚАЛАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕК БЕРЕДІ

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бизнес өкілдерін Арыс қаласында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше көмек беруге шақырады.

Көмек қаражатын жинау шотын "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігі ашты. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты - Арыс қаласында апаттан зардап шеккен, көмекке мұқтаж азаматтар мен қайырымды жандарды байланыстыру.

Қазіргі таңда арыстықтарға көмек ретінде ашылған арнайы шотқа әр облыстың кәсіпкерлері қомақты қаражаттарын аударды. Апат орын алған 4 күн ішінде 102 млн. астам қаражат "Менің Атамекенім" шотына түсті.

Осы орайда, арыстықтарға көмек бергісі келетін меценаттарға төмендегі есепшотты ұсынамыз

"Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігі

Заңды мекенжайы:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі №25 үй

БИН 180540015308

Арыс Бизнес кәсіпкерлікке жәрдем береді атты арнайы жоба есеп-шоты ИИК: KZ806018821000204051(KZT)

"Народный Банк Казахстана" АҚ Бик: HSBKKZKX

Кбе 18

Қайырымдылық аударымдары үшін - КНП 119

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ АРЫСТАҒЫ ЗАРДАП ШЕККЕН ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Қайырбек Өскенбаев алдағы жұмыстардың көлемін жеке бағалау үшін Арыс қаласында зардап шеккен үйлердің тұрғындарымен кездесті.

Айта кету керек, Қ. Өскенбаев бастаған Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі комитет мамандары қатарынан тұратын жұмыс тобы Арыс маңындағы әскери полигондағы жарылыстардан зардап шеккен тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтірумен айналысуда. Сарапшылар үйлерге үнемі мониторинг жүргізуде.

"Біздің министрлік барлық жөндеу жұмыстарын құруға және құрылымдауға белсенді түрде қатысады. Біз Түркістан облысының әкімдігі, облыс әкімдіктері мен үкіметтік органдар арасындағы байланыстырушы буын болып табыламыз және құқықтық және материалдық базаны қамтамасыз ету үшін барлық өзара қарым-қатынастардың логистикасын құрудамыз. Қазір жұмыс толық жүріп жатыр және бұл туралы министрлік күн сайын баяндайды", - деп хабарлады ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 136 тұрғын үй қалпына келтірілді. Тағы 571 үйде жұмыс жүргізілуде. Бұл деректер күн сайын жаңартылуда.

Арыс қаласындағы үйлердің 85% - ы жөндеуді қажет етеді, ал қалада жұмыс істейтін құрылыс компанияларының саны 118-ге дейін артты. Бүгінгі күні тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша ауқымды іс-шараға 1546 құрылысшы қатысып, 86 арнайы техника тартылды. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін пайдалануға тапсырылуы тиіс.

АРЫСТА КЕЗЕКШІЛІК ЕТІП ЖҮРГЕН НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК БРИГАДАСЫ КЛИНИКАЛЫҚ ӨЛІМ АУЗЫНДА ЖАТҚАН ПАЦИЕНТТІ ҚҰТҚАРДЫ

Дәрігерлер дер кезінде шұғыл шешім қабылдап, нәтижесінде пациентті клиникалық ажалдан арашалап қалды. Кейін науқас әріқарай тексеруден өту үшін санитарлық бортпен Шымкентке жеткізілді.

Бүгін, 3 шілдеде таңғы сағат 07:40-та Арыс қалалық жедел көмек станциясының жедел медициналық жәрдем пультіне 1989 жылы туған жас ер-адам туралы қоңырау түсті. Оған алдын ала "электр жарақатын алған" деген диагноз қойылған. Ал сол сәтте кезекшілікте жергілікті дәрігерлермен бірге Нұр-Сұлтан қаласының мамандары да болған. Дәрігерлер оқиға орнына шұғыл жеткен кезде пациент ес түссіз, клиникалық өлім аузында жатқан.

Ақ халаттылар жедел жүрек-өкпе реанимациясы кешенін жасаған соң, жас жігіт есін жинаған.

Осыдан кейін науқасты санитарлық бортпен Шымкент қаласына жеткізді. Қазір пациенттің тұрақты, өміріне еш қауіп жоқ, ол қалалық кардиологиялық орталықта емдеуден өтуде.

ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ АРЫСТА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласын жөндеу жұмыстары басталды. Осы орайда беріліп жатқан көмектің ашық, уақтылы жеткізілуін қадағалау және елмен тығыз қарым-қатынас жасау үшін жергілікті тұрғындар арасынан бір белсендіден штаб жұмысына тартылуда. Яғни, әрбір 10 үйге жергілікті бір белсенді тұрғын тағайындалып, жұмыстардың үйлестірілуін және көмектің жетуін бақылайды. Өздері де ерікті ретінде жұмыс істейді.

Мысалы, бүгін 8-секторға жауапты Мақтаарал ауданы әр 10 үйге жауапты 10 азаматты шақырып, әрбір тұрғынға берілетін 100 мың теңге және материалдық шығындарды төлеу тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бекітілген аудан тарапынан барлық көшелерде белсенділер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда штабта 54 белсенді жұмыс атқаруда.

Жалпы, ШҚО жөндеу жұмыстарын жүргізетін 8 секторда - 541 үй болса, соның ішінде 521 үй зақымданған, 6 үй толықтай қайта салынатын болады.

Айта кетейік, әрбір облыс пен аудандар бекітілген штабтарда 2 бағытта іске кірісті. Біріншіден, зардап шеккен үйлерді бағалау, есептеу қолға алынды. Соған сай жөнделетін болады. Екіншіден, тұрғындар арасынан әрбір 10 үйге 1 белсенді жетекші сайлап, елмен тығыз қарым-қатынас жасалынып жатыр. Бұл xалықтың осындай жағдайда өзін-өзі басқаруына және жеткізілген көмектін ашық әрі әділ бөлінуіне мүмкіндік береді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

АРЫС "АҚЫЛДЫ ҚАЛАҒА" АЙНАЛАДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Арыс қаласын цифрландыру мәселесі бойынша мәжіліс өтті. Облыстық Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Утебаевтың айтуынша, Арыс қаласын цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жуырда 17 секторға бөлінген қаланың 3D картасы жасалды. Бұл картаға қаладағы тұрғын үйлер мен сол үйлерге тіркелген үй иелері туралы деректер енгізілген. Оған қоса қалалық кадастрға енгізілмеген үйлер де анықталған. Осыған байланысты облыс әкімі барлық тұрғынды құжаттандыру жөнінде тапсырма берді.

Осы карта арқылы Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты көмек көрсету жеңілдей түсті. Әр үйге дефектік акт тіркеліп, осы үйлердегі құрылыс жұмыстары, гуманитарлық көмектің жеткізілуі бақыланады. Қала тұрғындары бұл жұмыстарды онлайн режимде бақылап, кемшіліктер анықталса, тиісті орындарға хабар береді.

Сонымен бірге жиында эвакуация кезінде құжаттарын жоғалтып алған тұрғындарға құжаттар тегін жасалатыны белгілі болды.

Өмірзақ Шөкеев Арысты "ақылды қалаға" айналдыру бағытындағы жұмыстарды күшейту және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолға алу жөнінде тапсырмалар берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

АРЫСТА ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ТОЛЫҚ ҚАРҚЫНДА ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Арыс қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығын іске қосты. Жарылыстан зардап шеккен ХҚО орналасқан ғимараттың іші-сырты аз уақыт ішінде қалпына келтіріліп, жұмыс орындары реттелді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 634 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

"Арыстағы халыққа қызмет көрсету орталығы мен ондағы әлеуметтік төлемдерді есептеу, жер кадастры, жылжымайтын мүлік құжаттарын реттеу бөлімдері де қайтадан өз жұмысын бастады. Ондағы байланыс желілері қалпына келтіріліп, ХҚО ақпараттық жүйесі іске қосылды. Тұрғындар бүгінде керекті анықтамаларды алып, жеке бас куәлігі, балалардың туу куәліктері сияқты құжаттарын ретке келтіре алады", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбеков.

Айта кетейік, мемлекеттік корпорацияның Арыс қаласындағы бөлімшесінде 55 қызметкер жұмыс істейді. Олардың барлығы бүгінде жұмысқа шығып, лауазымдық міндеттерін атқарып жатыр.

Бұған дейін мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін Арыста 5 мобильді ХҚО қамтамасыз етіп, халықты құжаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ АРЫСТАҒЫ СЕГІЗ КӨШЕНІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІП ЖАТЫР.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Трұмов Серікбай Өтелгенұлы мәлімдеді.

Арыстағы тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары өңіріміздің 8 ірі құрылыс компаниясына жүктеліп отыр. Олар: "Оңдасын Строй", "Ақ жол құрылыс", "Альянс ЛТД", "Актау БС Строй", "АС құрылыс", "Айком ЛТД", "Шебер Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына Арыс қаласының жұмыссыз тұрғындары тартылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқын алуда. Қажетті техникамен қамтамасыз етіліп, жұмысшылар құрылысты бастап кеткен. Нақтырақ айтқанда, 5 көшенің 12 үйін жөндеу және 1 тұрғын үйді қайта салу жұмыстары басталды. Әзірге жұмылдырылған жұмысшылар саны 50 адамды құрап отыр және адамдар саны күн сайын қажетті көлемге дейін көбейе бермек. Кеше, 2-шілде күні қажетті материалдар, соның ішінде 12 000 м? шатыр жабындысы, 140 м? ағаш және басқа да бірінші кезекте шатырларды жөндейтін құрылыс жабдықтары алынған. Сонымен қатар, 5 көшеде орналасқан үйлердің терезелерінің өлшемдері алынып, дайындалып жатыр және бүгіннен бастап 2 көшенің тұрғындары үйлеріне орнатылады.

"Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша Ел Президенті Қ.Тоқаев үкіметке және облыс әкімдеріне арнайы тапсырма берген болатын. Маңғыстау облысы номері 4-ші секторға жауапты ретінде бекітілген. Бұл аумақта 8 көше, 331 үй орналасқан. Ал жөндеуге жататын үйлердің саны - 275, жөндеуге келмейтін, яғни бұзып, жаңа үй салуды қажет ететін үйлер саны - 3. Бұл үйлердің барлығы да жеке тұрғын үйлер. Бұл жұмыстарға жауапты ретінде облыс әкімінің орынбасары Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы бекітілді. Өңірден аттанған 9 эксперттік мекеменің 18 өкілі зардап шеккен тұрғын үйлердің толықтай дефектілік актілерін әзірледі. Жөндеу жұмыстары тамыз айының біріне дейін аяқталады деп жоспарлануда",-деді өңір басшысы С.Трұмов.

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 150 БАЛАСЫ КАСПИЙ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ЛАГЕРЛЕРДЕ ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ

Шілденің 16-30 аралығында Ақтаудағы "Балдәурен" балалар лагерінде Арыс қаласының 50 баласына, "Алау" лагерінде 100 балаға жазғы демалыс ұйымдастыру жоспарлануда.

Облыстың мемлекеттік қызметшілері, дәрігерлері мен мұғалімдері, мұнайшылар мен ірі кәсіпорындары жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды.

Арыс жұртшылығына қолдау көрсету мақсатында "Нұр Отан" партиясының облыстық, аудандық филиалдарында, сонымен қатар "Жастар" ресурстық орталықтарында, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы "Қоғамдық келісім" және "Біз адамбыз-Біз біргеміз" қайырымдылық қоры базасында арнайы гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылып, 8 тонна киім, 6 тонна азық-түлік жиналып, алғашқы гуманитарлық жүк 27 маусым күні темір жол арқылы жөнелтілген. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар қамтылған. Бұл шаралар әлі де жалғасын табуда.

748 ҮЙГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Арыстың бүгінгі жай-күйі туралы нақты ақпарат беру мақсатында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Бятов, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Егізбаев журналистердің қатысуымен брифинг берді.

"ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Арыс қаласына тиесілі аумақты толық қайта тексеру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде 28 мыңнан аса оқ-дәрі табылды. Қала маңындағы Ақдала, Дермене ауылдарын тазарту аяқталды. Сондай-ақ Арыс аумағына және оған тиесілі жерлерде радиациялық, биологиялық жағдайға мониторинг жасалды. Қалада радиациялық фон бірқалыпты. Жарылыс болған әскери бөлімше командирі қазіргі уақытта қызмет орнында. Оған қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде", деп мәлімдеді полковник Е. Бятов.

Арыс қаласының әкімі М. Қыдырбек "Апаттан зардап шеккен қала қазіргі таңда 17 секторға бөлініп, әр облыс жұмысын бастағаны белгілі. Қазіргі таңда 170 бригада құрылысқа кірісті. Жөндеу жұмыстары бір айдың ішінде аяқталады. 748 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", деді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Егізбаев қазіргі таңда Арыстағы емхана науқастарды қабылдап жатқанын және 1 ай ішінде қалалық аурухана іске қосылатынын атап өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны