14.08.2012, 15:42 2731

1 млн. гектарға жуық ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер мемлекеттік меншікке алынды

Ағымдағы жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша 1 млн. гектарға жуық ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер мемлекеттік меншікке алынды. Бұлар қайтадан айналымға түсуге жатады.

Астана. 14-тамыз. Kazakhstan Today - 1 млн. гектарға жуық ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер мемлекеттік меншікке алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша 1 млн. гектарға жуық ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер мемлекеттік меншікке алынды. Бұлар қайтадан айналымға түсуге жатады.

Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, жерді пайдалану ережелеріне және ауыл шаруашылығы қорындағы жерлерге ревизия жүргізу нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айында айналымға жататын 7 млн. гектар жердің 3,5 млн. гектары қайтара айналымға түскен. Бұндай нәтиже елімізде алғаш рет жүзеге асқан. "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді қайта айналымға түсіру ел тарихында тек бұрынғы КСРО кезеңінде тың игеру барысында ғана жүзеге асқанын еске салғым келеді. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын 1 млн. гектарға жуық жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұлар да қайта айналымға түсуге жатады. Алайда, шындығында экономикалық ынталандыру тетігінсіз жерлерді қайта айналымға түсірудің проблемалары баршылық", - деді Қ. Отарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны