15.01.2016, 18:37 106922

1 наурыз - Алғыс айту күні болып бекітілді

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiӊ 1998 жылғы 20 қаӊтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізді.

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Президентініӊ Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні деп бекітілді, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiӊ 1998 жылғы 20 қаӊтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізді.

Жарлықтыӊ мәтініне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер тізімі екі жаӊа мерекемен толықты: Алғыс айту күні - 1 наурыз және Геологтар күні - сәуірдіӊ алғашқы жексенбісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны