28.07.2014, 20:11 6062

1 тамыздан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ жүрдек пойыздарға 25 пайыздық жеңілдік енгізеді

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Тұлпар-Тальго" вагондарынан жасақталған жүрдек пойыздардың "Гранд" және "Бизнес" вагондарында жол жүруге 25 пайыздық жеңілдіктер енгізуде, - деп "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлады.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Тұлпар-Тальго" вагондарынан жасақталған жүрдек пойыздардың "Гранд" және "Бизнес" вагондарында жол жүруге 25 пайыздық жеңілдіктер енгізуде, - деп "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлады.

"Сонымен қатар, №49/50 "Алматы-Ақтөбе", №19/20 "Атырау-Астана", №87/88 "Ақтөбе-Астана" және №77/78 "Алматы-Атырау" жолаушылар пойыздарының "Гранд" және "Бизнес" санатты вагондарының құны демалыс күндері мереке алды және мерекелік күндерден бөлек, жұмыс күндері тарифіне деңгейлестірілді", - делінген хабарламада.

№19/20 "Атырау-Астана", №77/78 "Алматы-Атырау" , "Гранд" (СВ) санатты вагондарда - 10% жеңілдік бар.Жеңілдіктер аптаның күндеріне тәуелді емес.

Сондай-ақ, №49/50 "Алматы-Ақтөбе" , "Гранд" (СВ) санатты вагондарда - 25%;"Бизнес" (купе) санатты вагондарда - 15%жеңілдіктер бар, олар аптаның күндеріне тәуелді емес.

Айта кетейік, бұл шараларды "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру және жүрдек жолаушылар пойыздары қызметінің тұрғындарға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыруда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны