29.05.2007, 16:09 2792

1-маусымда палаталардың бірлескен отырысында парламент конституциялық заңдарға енгізілетін түзетулерді қарайды

АСТАНА. 29-мамыр. Kazakhstan Today. 1-маусымда палаталардың бірлескен отырысында парламент конституциялық заңдарға енгізілетін түзетулерді қарайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне парламенттегі ақпарат көзі хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, бірлескен отырыста "Қазақстан Республикасының президенті туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары бірінші оқылымда қаралады.

Сонымен бірге Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов "Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылық ахуалы туралы" жыл сайынғы баяндамасын таныстырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны