02.02.2007, 14:37 3075

2006 жылы республикамыздың 46 жол полицейінің үстінен қылмыстық іс қозғалған

ҚАРАҒАНДЫ. 2-ақпан. Kazakhstan Today. 2006 жылы республикамыздың 46 жол полицейінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы бүгін Қарағандыда өткен Қазақстан Республикасының ІІМ жедел кеңесінде Қазақстан Республикасының ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов мәлімдеді.

"Қылмыстық істер әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін қозғалып, соның ішінде 21 қызметкер пара алғаны үшін сотталған",- деді Ө. Түсімов.

"Бұл бір жағынан өте көп, бір жағынан ... Жалпы жол полициясында 6 мың қызметкер қызмет етеді, сондықтан да 46 қылмыс - бұл аса көп емес",- деді комитет басшысы.

Ө. Түсімов пара алушылықты "бір күнде, бір айда, тіптен бір жылда жою мүмкін емес", деп санайды. "Біз өз қатарымыздағы сыбайлас жемқорлықтың көзін жою үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатырмыз",- деді ол. Жол полициясы департаменті бастығының ақпараттарына сүйенсек, қазіргі күнге дейін жол полициясы департаментінің сегіз басшысы ауысып, жеке құрамның 37 пайызы ауыстырылған.

Сонымен қатар, Ө. Түсімов Қазақстан Республикасының заңнамасы жетілмеген, деп санайды. "Біздің заңдарға сүйенсек, қылмыс үстінде ұстаған адамды жазалау мүмкін болмайтын жайттар да аз емес",- деді ол.

Қазақстае Республикасының ІІМ ақпараттарына сүйенсек, 2006 жылы полицейлердің кінәсінан болған 122 жол-көлік апатының салдарынан 58 адам мерт болып, 210 адам жарақат алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны