18.01.2007, 17:53 3081

2006 жылы Семейде 237 полиция қызметкері жазаға тартылды - ІІБ

СЕМЕЙ . 18 қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жылы Семейде түрлі заң бұзушылықтары үшін 237 полиция қызметкері жазаға тартылды. Бұл жөнінде қалалық ІІБ бастығы Берікбол Дулатов ішкі істер қызметкерлерімен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінң тілшісі.

Б. Дулатовтың ақпаратына сәйкес, қызметкерлердің 90% азаматтардың мәлімдемелері мен арыздарын дер кезінде рәсімдемегендері үшін жазаланған. "Адамдар бізге бостан-босқа келмейді, олар өздерінің арыздарын айтып, әділеттік, қорғаныш іздеп келеді, алайда оларды мейірімсіз жандар қарсы алады",-деді Б.Дулатов.

Сонымен қатар, ол соңғы кезде ІІБ қызметкерлерінің жол ережесін жиі бұзатындығын атап өтті. "Осы мәселе бойынша, департамент басшылығы тарапынан қатаң шара қолданылады. Жол ережесін бұзған қызметкерлер, жүргізу куәлігінен айрылып, қайта емтихан тапсыруға жіберіледі",-деді қалалық ІІБ бастығы.

Б. Дулатовтың хабарлауынша, өткен жылы Семей қалалық ішкі істер басқармасына 60 жас қызметкер келген, автокөлік паркі 23 көлікпен толығыпты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны