21.09.2006, 16:51 2934

2006-жылдың 8 айында Маңғыстау облысында 32 кг 873 грамм есірткілік заттар заңсыз айналымнан шығарылды

АҚТАУ. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. 2006-жылдың 8 айында Маңғыстау облысында ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 32 кг 873 грамм есірткілік заттарды заңсыз айналымнан шығарды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Маңғыстау облыстық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасынан хабарлады.

Атап айтсақ, тәртіп сақшылары 672,742 грамм героин, 32 килограмнан астам марихуана тәркіледі.

Облыстық ІІД-нің мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың 8 айында есірткіге қатысты 174 қылмыстың беті ашылды. Соның ішінде 152 қылмыстық іс қозғалды. Есірткі сатуға қатысты 62 дерек, есірткі сақтауға қатысты 61 дерек, есірткі ұрлауға және жынойнақ ашуға қатысты 1 дерек әшкереленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны