21.06.2006, 15:20 2997

2006-жылдың бес айында еліміздегі түнгі клубтарда есірткі тарату және тұтынуға қатысты 60-тай деректің беті ашылды – ҚР ІІМ-нің орынбасары

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздегі түнгі клубтарда есірткі тарату және тұтынуға қатысты 60-тай деректің беті ашылды. Бұл туралы бүгін “Нашақорлыққа қарсы жабыла күресейік” атты медиафорум барысында ҚР ІІМ-нің орынбасары, есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Анатолий Выборов құүлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Жастар жаппай көңіл көтеретін орындарға бақылау қою жұмыстары кейінгі кездері біршама күшейтілді”,- деді ол. Былтыр бүтін жыл бойы небәрі 25 деректің беті ашылғанын еске салған вице-министр осындай заң бұзушылықтарға көбінесе “аталмыш орындардың қызметкерлері жиі баратынын” атап өтті.

А.Выборовтың айтуынша, қазір есірткі саудасымен күрес комитетінің шұғыл бақылауына жастар көңіл көтеретін 252 нысан алынған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны