10.12.2007, 15:07 3188

2007 жылдың қорытындысы бойынша Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы $16 млрд, Қазақстан мен Қытай арасында $10 млрд жетеді - Назарбаев

2007 жылдың қорытындысы бойынша Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы $16 млрд, Қазақстан мен Қытай арасында $10 млрд жетеді - Назарбаев

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы Ресей мен Қазақстан арасында тауар айналымының мөлшері $16 млрд, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық $10 млрд, құрайды деп мәлімдеді Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанға акредиттелген шетелдің дипломатиялық корпусы алдында, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы биыл $16 млрд жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 25% ұлғаяды. Ал Қытай арасындағы сауда-саттық көлемі 2010 жылға дейін $10 млрд дейін көбейту көзделген. Енді бұл міндеттер келер жылы орындалатын болады", - деді Н. Назарбаев.

"Қазақ-ресей қатынастары арасында энергетика, көлік және ғарыш салаларындағы бірлескен жобалар маңызды", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президент еске салғанындай, "Біз Түркменстан арқылы Ресейге газтасымалы жүйесі бойынша жұмыс жасап, сондай-ақ, Теһраннан Түркменстан, Қазақстан, Ресей шойын жол табанын салудамыз. Бұл көлік айырғылары біздер үшін өте маңызды", - деп атап өтті ол.

Н. Назарбаев атап өткеніндей,"энергетикалық саласындағы жобалармен бірге экономикадағы шикізаттан басқа салалары бойынша қарым-қатынастар жандана бастады". "Шегарааралық сауда-саттық, инвестициялық қатынастар қарқынды дамуда", - деп айтты мемлекет басшысы.

"Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне мүдделі болғандықтан, көрші елдердің тұрақты экономикалық дамуына қол жеткізу үшін, ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын", - деп мәлімдеді ел басшысы.

Оның сөздері бойынша, "бүгінде каспий-қара теңіз аймағындағы бассейннің экономикасы жақсы дамуда". "Бұл мемлекеттер тиімді қатынастарды дамыту жағынан жолы үлкен екендігіне сенімдімін. Сондықтан, Қазақстан бүкіл Азияның экономикалық өркендеуі үшін, осы екі аймақтың күш-жігерін біріктіруге шақырады ", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны