18.01.2007, 17:50 3172

2007 жылы Алматыда төтенше жағдайларды ескерту және жою жұмыстарына 30% артық қаражат бөлінді

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. Kazakhstan Today. 2007 жылы Алматыда төтенше жағдайларды ескерту және жою жұмыстарына өткен жылмен салыстырғанда 30% артық қаражат бөлінді . Бұл жөнінде қалалық әкімшілік жанындағы мобилизациялық дайындық және төтенше жағдайлар департаментінің директоры Бауыржан Ысқақов төтенше жағдайларды ескерту және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бюджет жыл сайын 30% ұлғайып отырады. Бірақ, әрине бұл біздің қызметке ғана қатысты, мен мұнда "Қауіпсіз қала" бағдарламасына бөлінген 3 млрд. теңгені қосып отырғаным жоқ, 1,8 млрд теңге Алматы өзендеріне, экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне арналады",-деді Б.Ысқақов. "Жалпы айтқанда, қала басшылығы мен мәслихат депутаттары тарапынан мәселеге қатысты түсіністік бар",-деді ол.

Б.Ысқақовтың сөзіне қарағанда, "Қала қауіпсіздігі" бағдарламасы жуықта жүзеге асырылуы тиіс. "Қазір осы салада сараптама комиссиясы жұмыс істеуде, жобалық -сметалық құжатқа қаржы бөлінді",-деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны