04.03.2008, 15:02 3126

2007 жылы Қазақстанда 23 тонна есірткі тәркіленді

2007 жылы Қазақстанда 23 тонна есірткі тәркіленді

Алматы. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" -2007 жылы Қазақстанда 23 тонна есірткі тәркіленді, оның 857 килограммы апиын мен героин. Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Маратқали Нүкенов бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2007 жылы есірткілік қылмыстарды әшкерелеу көрсеткішінің өсіміне байланысты оңды ағым байқалды. Ашылған қылмыстардың саны 10 мыңнан асты, ал сату көлемі 10%-ға өсті. 23 тонна есірткі, соның ішінде 857 килограмм апиын мен героин заңсыз айналымнан алынды", - деді М. Нүкенов.

Есірткілік қылмыстарға қатысты ахуалға жүргізілген талдау "кейінгі жылдары есірткінің дилерлік желісінің мейлінше тұрақты негізге ден қойғанын" көрсетіп отыр. "Есірткілік ұйымдасқан қылмыс түрі мен оның трансұлттық байланыстары күшейе түсуде. 2004 жылдан бері ұйымдасқан қоғамдастықтар тарапынан жасалған қылмыстар саны 3 есе өсті. Тек өткен жылы есірткі жеткізетін 196 арна жойылып, 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-қызметіне тосқауыл қойылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны