10.01.2008, 18:47 3192

2007 жылы орман өрттерінің саны 50 пайызға дерлік төмендегенмен одан келген шығын көлемі 30 пайызға өскен

2007 жылы орман өрттерінің саны 50 пайызға дерлік төмендегенмен одан келген шығын көлемі 30 пайызға өскен

Астана. 10-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы орман өрттерінің саны 47 пайызға дерлік төмендеген, сөйтсе де өрт салдарынан келген шығынның көлемі 30 пайызға өскен. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі комитетінің төрағасы Сергей Дыринның бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуі барысында таратылған өрт ахуалына жүргізілген талдауда осындай мәліметтер келтірілген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2007 жылы орман алқаптарында 505 өрт шыққан, 2006 жылмен салыстырғанда щыққан өрт саны 47 пайызға төмендеген. Сонымен қатар өрт салдарынан келген материалдық шығын 29,6 пайызға өсіп, 501 млн 915 мың теңгені құраған. Тілсіз жау жалмаған орман алқабы үш есеге өсіп, 139 мың 322 гектарды құраған",- деп айтылған құжатта.

Комитеттің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың 20-маусымында Жамбыл облысының орман және хайуанаттар әлемін қорғау жөніндегі Мерке мемлекеттік мекемесінің аумағында өрттің жазық далаға ұласуы салдарынан орман өрті 55 427 гектарды шарпыған. 2007 жылдың 30-тамызында Қостанай облысының Арақарағай мемлекеттік мекемесі орман алқабында абайсыздық салдарынан өрт шыққан. Тілсіз жау 5624 гектарды қамтып, өрт салдарынан келген материалдық шығын 100 млн теңгеге жетіп жығылған.

"Орман өрттерінің шығуының негізгі себептері жазық даладан шыққан өрттің орман алқаптарына ұласуы, тұрғындардың абайсыздықтары, сонымен қатар қасақана өрт қою болып табылады",- деп атап көрсеткен өрт ахуалына жасалған талдауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны