13.11.2006, 18:37 2743

2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізге тізгіні оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салынады - Қауіпсіздік кеңесі

2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізге тізгіні оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салынады. Қауіпсіздік кеңесінің бүгін өткен отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабьарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Мемлекет басшысы Қазақстанға рулі оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салу туралы тапсырма берді",- деді журналистерге арнап өткізілген брифингте ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов.

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізге тізгіні оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салынады. Қауіпсіздік кеңесінің бүгін өткен отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қазақстанға рулі оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салу туралы тапсырма берді",- деді журналистерге арнап өткізілген брифингте ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов.

Ө.Түсімовтың хабарлауынша, бұған қоса, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында "үш жылдан кейін тізгіні оң жақтағы автокөліктерді пайдалануды доғару" жөнінде шешім қабылданды. "Үкіметтің шешіміне байланысты не 2009-жылдың басынан , немесе, 2010-жылдан бастап рулі оң жақтағы автокөліктерді мінуге мүлдем тыйым салынатын болады",- деді Ө.Түсімов.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен елімізде тізгіні оң жақта орналасқан 117 мың автокөлік тіркелген. Ал былтыр бұл көрсеткіш 74 мың болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны