13.11.2006, 13:05 2719

2007-жылға арналған бюджетте президент тапсырмалары толық көрініс тапты - үкімет басшысы

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. 2007-жылға арналған республикалық бюджетте президент тапсырмалары толық көрініс тапты. Бұл туралы бүгін "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын талқылауға бағытталған парламент палаталарының бірлескен отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Сіздерге еліміздің басты қаржылық құжатын талқылауда ұстанған кәсіби салмақты көзқарастарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. 2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдау арқылы мемлекеттік келесі жылға жоспарлаған барлық шаралары нақты шынайы кескін- келбетке ие болды. Парламент пен үкіметтің бірлескен жемісті жұмысы ел президентінің өз мемлекетіміздің бәсекелестік қабілетін көтеру жөніндегі барлық тапсырмаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді дегенге сенемін",- деді Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны