22.05.2007, 17:50 2840

2008 жылдың бюджеті мемлекеттік жоспарлауға деген жаңа көзқарасты енгізуді есепке ала отырып құрылуға тиіс - Мәсімов

АСТАНА. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. 2008 жылдың бюджеті мемлекеттік жоспарлауға деген жаңа көзқарасты енгізуді есепке ала отырып құрылуға тиіс. Бүгін үкімет отырысында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне пилотты мемлекеттік органдармен және аймақтармен бірлесе отырып мемлекеттік жоспарлау мен бюджетті құрудың жаңа көзқарасын енгізу мерзімін анықтауды тапсырамын, аталмыш мемлекеттік органның 2008 жылғы бюджеті жаңа көзқарасты есепке ала отырып құрылуға тиіс",- деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар, К. Мәсімов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне 1 маусымға дейін "мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуге қатысты іс-шаралар жобасы мен концепция жобаларын, сонымен қатар бюджеттеу жүйесін жетілдіруге қатысты іс-шаралар жобасын әзірлеуді тездетуді"тапсырды. "Мемлекеттің функцияларын талдау жөніндегі тұрақты жұмыс ұйымдастырылуға тиіс. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесе отырып үстіміздегі жылдың 1-маусымына дейін үкіметке осы жылы жүргізілген функционалдық талдау нәтижесін әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік басқармалар арасыдағы функцияны шектеу мен оларды бәсекелес ортаға өткізу жөніндегі ұсыныспен енгізуді тапсырамын",- деді премьер.

Үкімет басшысы сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мемлекеттік қызметтер ісі жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, мамырдың аяғына дейін орталық және жергілікті атқару органдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ресстрін пысықтауды, және оны бекіту үшін үкіметке енгізуді тапсырды. "Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттарын әзірлеу және енгізу жоспарын үстіміздегі жылдың маусымының ортасына дейін бекітуді тапсырамын",- деп қосты К. Мәсімов. Оның айтуынша, бұл органдар мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру жоспарын әзірлеуге және бекітуге, оқу модульдерін жетілдіруге, мемлекеттік басқармалардағы жаңа көзқарастарға сәйкес жаңа оқу бағдарламаларын енгізуге тиіс.

Сонымен қатар, премьер-министр "орталықтан аймақтарға және аймақтардан орталыққа мамандарды ауыстыру механизмін пысықтауға және мемлекеттік органдардағы басқару буындарын қысқарту жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің жобасын 1-маусымға дейін үкіметке енгізуді" тапсырды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында барлық мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлау және ішкі аудит қызметі жөніндегі құрылымдық бөлімше құрылуға тиіс. К. Мәсімов сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне 1-тамызға дейін мемлекеттік органдардың іс-қызметінің аудиты мен бағалау әдістемесінің жобасын үкімет қарауына енгізуді және үстіміздегі жылдың 1-шілдесінен мемлекеттік органдардың іс-қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізуді тапсырды.

Үкімет басшысы "барлық мәселелерге жеке бақылау қоюды" өзінің орынбасары - экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Мусинге тапсырды. "Кез-келген мәселенің талқыланатын мерзімі болады, талқылау мәңгі жалғаса бермейді. Қашанда бір нүкте қойып, іс-шаралар қабылдап, нақты қадам жасау керек... Бүгін берілген тапсырмалар орындалу керек",- деп қорытындылады К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны