07.12.2007, 17:08 2865

2008 жылдың екінші жартысында Қазақстан экономикасында батыс банктерінің есебінен қаржы-қаражат таралуы мүмкін - президент

2008 жылдың екінші жартысында Қазақстан экономикасында батыс банктерінің есебінен қаржы-қаражат таралуы мүмкін - президент

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, келесі жылдың екінші жартысында Қазақстан экономикасында батыс банктерінің есебінен қаржы-қаражат таралуы мүмкін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін шетелдік инвесторлар кеңесінің 18-ші отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, келісі жыл тек Қазақстан экономикасы үшін ғана емес, баршасы үшін күрделі болатын сыңайлы. Оған дайындалу, талдаулар жасау керек, бірақ, өсім және төмендеу деген толқынды құбылыс әлемдік экономикада әрдайым болып тұратынына дайын болу керек. Біз қазір осындай бір сәтке келдік, бұдан қорқатын ештеңе жоқ", - деді Н. Назарбаев. "1973 жылғы мұнай жағдарысын еске алыңыздар, ол аса қорқынышты болды, бірақ одан кейін қазіргідей өсім болғанын көріп отырсыздар. Оңтүстікшығыс Азиядағы 1997 - 1998 жылдардағы дағдарыс пен 1999 жылғы Ресейдегі құлдырауды еске алыңыздар. Ал біз жылына 9 - 10 % өсімді дәл осы кезеңнен бастадық", - деді президент.

"Дағдарыстар ұзаққа созылады деп ойламаймын", -деді президент.

"Келесі жыл бізге Қытайданжәне Ресейден ауқымды инвестициялар келеді, келесі жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстан экономикасында батыс банктерінің есебінен қаржы-қаражат таралуы мүмкін деп ойлаймын", -деді мемлекет басшысы.

"Оның үстіне осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасына $3,3 млрд жұмсаған Еуропалық қайта құру және даму банкі, біз шағын және орта бизнесті, инфрақұрылымдық жобаларды қолдау жөнінде сөз қозғаған қазіргі сәтте келесі жылы шамамен $1 млрд бөлгелі отыр", -деді Нұрсұлтан Назарбаев. "Яғни, инвестициялар келіп жатыр, сондай-ақ, сіздер менің араб мемлекеттеріне барыс-келісім көбейгенін байқаған боларсыздар, біз Абу-Даби қаласында да, Дубаида Қазақстан экономикасына ірі инвестициялар жіберуге уағдаластық", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл инвестициялар мұнайхимиясы кешенін, жылу және көмірлі электр станцияларын, мұнай және газ құбырлараны салуға бағытталады. "Яғни, шикізаттан басқа салаға да, экономиканың нақты секторына да жұмсалатын жалпы инвестициялар көлемі азаймайды", -деді президент.

Сонымен бірге, Н. Назарбаевтың пайымдауынша, "батыс елдерінде несиелендіру көлемі қысқарған жағдайда Қазақстан үшін жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды оң бағытқа қарай бұрып жіберу мүмкіндігі оңды оқиға болмақ". "Еліміздің жаңадан өсіп келе жатқан амбициялы банктеріміз ел экономпикасының жоғары өсімі мен Қазақстан рейтингін пайдаланып, шетелдерден арзан несиелер алып келді. Осынау арзан ақшаны олар қаржы нарығының дамымауына байланысты жылжымайтын мүлікке салды", -деді президент.

"Олар жылжымайтын мүлік үшін қарызға ақша алып, оны қайтаратын сәт туғанда тағы да несие алып, есептесті. Бұл тарихтағы таныс жағдай. Осыған байланысты баспананың бағасы әсіре шарықтап, еліміз экономикасының "әсіре өскен" бөлігі пайда болды. Қазір біздің осындай жайтты сәл де болса түзете алатынымыз жақсы, өсім тоқталып, бәрі де өз орнына келеді деп ойлаймын", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны