10.12.2008, 18:12 2869

2008 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық өсімі шамамен 5 пайыз болады - президент

2008 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық өсімі шамамен 5 пайыз болады - президент

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық өсімі шамамен 5 пайыз болады. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, экономиканы тұрақтандыру жөніндегі бағдарлама аясында қабылданып жатқан шаралардың арқасында, 2008 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық өсімі шамамен 5 пайыз болады. Жұмыссыздық деңгейі 7 пайыздан аспайды.

Қазақстанның халықаралық резервтерінің, ұлттық қоры активтерінің жалпы көлемі жоғары деңгейде сақталуда.Елбасының айтуынша, қазіргі таңда еліміздің халықаралық резервтерінің және ұлттық қорының активтері 48 млрд. долларды құрайды. Осы жылы ол 22,5 пайызға өскен. Алтын-валюта резервтері мен сыртқы қарыздың деңгейіне қатысты тұрақтылық сақталуда. Сонымен қатар бюджет тапшылығы төмен күйінде, ішкі жалпы өнімге 2,1 пайыз күйінде қалуда. "Біздің 15 млн. халық үшін бұл өте салмақты цифрлар. Осының барлығы Қазақстан экономикасына қажетті мығым қор құрады", деді президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны