16.05.2008, 13:10 2595

2008 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін нақтылаулар мен өзгертулерге қатысты заң жобасы парламентке бүгін енгізілуге тиіс - Мәсімов (толықтырылған нұсқа)

2008 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін нақтылаулар мен өзгертулерге қатысты заң жобасы парламентке бүгін енгізілуге тиіс - Мәсімов (толықтырылған нұсқа)

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін нақтылаулар мен өзгертулерге қатысты заң жобасы парламентке бүгін енгізілуге тиіс . Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің кезектен тыс отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Шешім қабылданды, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне үкімет басшысының кеңсесімен бірлесіп құжатты дәйектеп, бүгін парламентке енгізуді тапсырамын", -деді Кәрім Мәсімов 2008 жылға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен нақтылаулар енгізу туралы заң жобасы бойынша үкімет мүшелері дауыс бергеннен кейін.

"Жалпы алғанда, меніңше, өзгерістер мен нақтылаулар жақты дәйектелген, олар ағымдағы жағдайға нақты жауап береді және мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігін қорғауға байланысты тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді", - деді ол.

"Нақтылау мен өзгерістерге қатысты ең басты мәселе, мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты әлеуметтік аударымдарды өзгертуге қатысты", - деді премьер.

"Мемлекет басшысы бізге тіршілік ету құны көтеріле түсуге байланысты зейнеткерлер, суденттер мен кейбір әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарды қамқорлыққа алуды міндеттеді", - деді ол.

"Біз парламент депутаттарымен ақылдаса келе өңірлерде газ құбырын тарту және абсқа да осы секілді әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды өзгертпеуге шешім қабылдадық", - деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны