18.10.2007, 17:01 3039

2008 жылы әскери білім беруді қаржыландыру 100 есеге өседі - ҚР қорғаныс министрі

2008 жылы әскери білім беруді қаржыландыру 100 есеге өседі.

Астана. 18-қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы әскери білім беруді қаржыландыру 100 есеге өседі. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Егер біз өткен жылы әскери білім беруді қаржыландыру аясында дамыту немесе қажетті құрылғыларды сатып алу бюджетіне небәрі 47 млн теңге бөлсек, келесі жылы 4 млрд 800 млн теңге бөлу жоспарланып отыр",- деді Д. Ахметов.

"Сондықтан да мен президентіміздің тапсырмасын орындайтындығымызға және де біздің әскери институттар сапа жағынан да, басқа да параметрлері жағынан да азаматтық құрамдағы жоғарғы оқу орындарынан кем болмайтындығына кәміл сенемін",- деп қосты ол.

Қорғаныс министрі сондай-ақ, бүгінгі күнде "әскерге мерзімді шақырылған жастардың 12 пайыздан астамының жоғарғы білімі бар екендігін" атап көрсетті. "Мұндай жоғарғы білімі бар әскери қызметкерлер білімі жоқ әскерлерге жақсы үлгі болады. Бұл жоғары білімі жоқтардың ертең еліміздің жоғарғы оқу орындарына, мүмкін бүгінде біздің үлкен талаптар қойып отырған әскери институттарымызға келуіне қосымша себеп",- деп атап көрсетті Д. Ахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны