05.09.2007, 11:27 1342

2008-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы бойынша мәжілістің қорытындысы 15 қазанға дейін таныстырылады

Мәжіліс "2008-жылға арналған Республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша өз қорытындысын 15 қазанға дейін дайындайды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. АСТАНА. Мәжіліс "2008-жылға арналған Республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша өз қорытындысын 15 қазанға дейін дайындайды. Парламент мәжілісінің бүгін өткен жалпы отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бюроның шешімімен қорытынды 15 қазанда таныстырылады", - деді мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова.

Заң шығару процедурасына сәйкес, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына қатысты қорытындыны мәжіліс пен сенат дербес жасайды, құжат бірінші және екінші оқылымда парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны