28.12.2009, 17:56 3195

2009 жылдың басынан бері Жамбыл облыстық ІІД ТБ тергеушілері бірнеше қаржы пирамидасы бойынша қылмыстық істерді тергеді

2009 жылдың басынан бері Жамбыл облыстық ІІД ТБ тергеушілері бірнеше қаржы пирамидасы бойынша қылмыстық істерді тергеді

Тараз. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2009 жылдың басынан бері Жамбыл облыстық ІІД ТБ тергеушілері бірнеше қаржы пирамидасы бойынша қылмыстық істерді тергеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, гарнизон басшысы полиция генерал-майоры Мейірхан Жаманбаевтың бастамасы бойынша 2008 жылы тәжірибелі полицейлер қатарынан алаяқтарды әшкерелеу бойынша арнайы топ құрылды. Тек 2009 жылы мыңдаған азамат қаржы пирамидаларынан зиян шекті.

Атап айтсақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы жылдың ең бір шулы қылмыстық ісі халыққа түске кірмейтін табысқа кенелетіндеріне сөз берген "Жеті нұр" пирамидасын әшкерелеу болып табылды.

2009 жылдың ақпан айында төрт алаяқтан тұратын ұйымдасқан топ облыс орталығында төрт жерде 18 күн жұмыс істейді. Шағын несие ұйымдары өздерін Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Жеті нұр" фирмасының филиалы деп таныстырады. Қаржы пирамидасы туралы шулы істе жапа шеккендердің саны 500 адамнан асты, бірақ олардың тек 212 адам ғана полицияға шағымданды. Алаяқтар желілік компаниялардың бизнесін жүргізу әдісімен бүркемеленген. Басында бизнес төрттік егер салымшы өзімен бірге жеті танысын алып келсе, салған ақшаны төрт есе қылып қайтарған. Сонымен, мысалы екі мың теңгеге, олар бірден сегіз мың теңге қайтарған, 50 мың теңгеге 200 мың теңге берген. Сенімге кірген алаяқтар күн сайын өз қармақтарына жүздеген адамдарды іліп отырған. Осылайша алаяқтар кішкентай қала үшін мүмкін емес геометриялық өсіммен тұтынушыларды тартып отырған. әр үш-төрт күн сайын олар жалға алған офистері мен телефондарын ауыстырып отырған. Соңғы екі аптада арсыз әйелдер бір аптада қайтарамыз деп кезекте тұрған адамдардың ақшаларын алып, із-түзсіз кеткен. Бірнеше рет "тегін" ақша алған құрбандар кампанияға сеніп , өздерінің соңғы ақшаларын алып келген. Осындай торға түскендердің ішінде дипломы бар мамандар, соның ішінде, педагогтар, дәрігерлер, бірақ оның көпшілігі зейнеткерлер мен ауыл тұрғындары болған.

"Олар бірегей кесте жасаған - тұтынушыларды барынша тарту және аз уақыт ішінде барынша табыс алу. Ұтыс негізінен зейнеткерлерге, жұмыссыздарға және ауыл тұрғындарына жасалды, - дейді Жамбыл облысы ІІД Тергеу басқармасы жеке меншікке қарсы қылмыстарды бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Сарықұл Жоланов. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 55 жастағы Күлзахира Жұмабаева есімді әйелге және оның үш сыбайласына ҚР ҚК-нің 177- бабының 3 - тармағы бойынша - үлкен көлемдегі алаяқтық айыбы тағылды".

Қылмыстық заң бойынша 15 млн теңгеге жуық ақша иемденген "алаяқтар" бес жылдан он жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың мамыр айында ОҚО "Толағай" шағын несие ұйымы бойынша қылмыстық іс жіберілді. Жүзден аса адам кезекті қаржы пирамидасының құрбаны болып, 33 жастағы "кәсіпкерге" қатысты ІІО-дарына арызданды. ЖШС түрінде жұмыс істеген алаяқтардың арқасында келген зиян 2 млн теңгені құрады. Кезекті қаржы пирамидасы бойынша үшінші шулы іс Қызылорда облысының қаржы полициясына жолданды. Бұл жолы алданғандардың саны 200 адамды құрады, олар бірден баюды қалап "Қызылорда-Алтын ғасыр" ЖШС филиалының қызметкерлеріне 10,5 млн теңгені сеніп берген. Жедел-іздестіру шарасы барысында Қызылорда облысының тұрғыны шағын несие компаниясының 42 жастағы басшысы ұсталып, кінәсін мойындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны