07.06.2007, 12:07 1281

2009 жылы барлық ауылдар мен селолардың тұрғындары ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. 2009 жылы барлық ауылдар мен селолардың тұрғындары ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады.

Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада интернет-конференцияда интернет тұтынушыларының сұрақтарына берген жауабында атап көрсетті.

"Еліміздің агроақпараттық жүйесін құру мен дамытудың келешегі ең алдымен, байланысқа қатысты деп ойлаймын",- деді президент.

"Қазақтелеком" бүгінде 50-ден астам тұрғыны бар ауылдық мекендерді телефондандырып жатыр. Бұл жұмыс үстіміздегі жылдың соңында аяқталады, нәтижесінде 350 елді мекенге телефон желісі тартылады деп күтілуде. Ал 2008 жылы қалған елді мекендерге телефон желісін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Тұрғындар саны 50-ден кем ауылдық мекендерге мемлекеттік комиссия CDMA 450 стандартты сандық радиобайланыстың тіркелімді жиілік толқынын бөліп отыр. Бұл технология тек қана телефон байланысымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар мәліметтерді жіберу мен Интернетке қосылуға да мүмкіндік береді. Осылайша, 2009 жылы барлық ауылдар мен селолардың тұрғындары ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады. Демек, ауыл да шетте қалмайтын болады, бұл мәселе өз шешімін таппақ",- деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны