17.05.2012, 11:11 3349

2010 жылдан бастап заңсыз айналымнан 10 мың тоннаға жуық мұнай алынды

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today 2010 жылдан бастап заңсыз айналымнан 10 мың тоннаға жуық мұнай алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

"2010 жылдан бастап қаржы полициясы органдары мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы саласында 203 қылмыстық іс қозғаған. Заңсыз айналымнан 10 мыңға жуық тонна мұнай және мұнай өнімдері, заңсыз табыс болып табылатын 313 млн.теңге алынды. Мұнай мен мұнай өнімдерін "көлеңкелі" нарыққа әкелудің көзі құбырлардан мұнай ұрлау болып табылады",- деді ол.

Мәселен, ресми өкілдің айтуынша, Қарағанды облысында "КазТрансОйл" АҚ-ның Жезқазған магистралды мұнай құбырларының "Құмкөл-Қарокоин" құбырынан 5,4 млн. теңгенің мұнайын ұрлағаны үшін мүлкін тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айыруға Н.Дәулетов, оның сыбайластары Бекмұратов, Абдраманов, Купейсов және Ерманов - әрқайсысы шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында мүлкін тәркілеумен 10 жылғы бас бостандығынан айыруға "СМП ОЙЛ" ЖШС-нің директоры Сәрсембиев сотталды. Ол 2009 жылғы шілде-қараша айлары аралығында "Өзен-Атырау-Самара" құбырынан мұнай ұрлап, оны сатумен айналысқан. Оған қоса, декларацияларға жалған мәліметтерді енгізу арқылы 12,5 млн. теңге сомасында салық төлеуден жалтарған.

"Оңтүстік Қазақстан облысында Посохов, Капытцов, Ким және Ұбайдуллаевтан тұратын қылмыстық топ қызметі әшкереленді. Олар 4,9 млн. теңге сомасының 57 тонна көлеміндегі шикі мұнайы бар 2 ауыр жүк көлігін жүргізіп келе жатқанда ұсталған. Бұл мұнай Ордабасы ауданының Қайнар ауылының жанында орналасқан "Павлодар-Шымкент" құбырынан ұрланған",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны