18.07.2014, 19:10 2920

2010 жылдан бері кәсіпорындардағы жалақы қарызы 7 есеге азайды

2010 жылдан бері кәсіпорындардағы жалақы қарызы 4,6 млрд теңгеден 623 млн теңгеге дейін қысқарып, 7 есеге азайды, - деп мәлімдеді бүгін ҚР Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасының бас прокуроры Асхат Дауылбаев.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. 2010 жылдан бері кәсіпорындардағы жалақы қарызы 4,6 млрд теңгеден 623 млн теңгеге дейін қысқарып, 7 есеге азайды, - деп мәлімдеді бүгін ҚР Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасының бас прокуроры Асхат Дауылбаев.

"Еңбек жалақысын төлеудегі азаматтардың құқығын сақтау туралы Президенттің тапсырмасы орындалуда. Қабылданған шаралармен 2010 жылдан бастап кәсіпкерліктердегі жалақы қарызы 4,6 млрд теңгеден 623 млн теңгеге дейін қысқартып, 7 есеге азайтуға мүмкіндік туды. Жыл басынан бері 668 млн теңге көлеміндегі 40 кәсіпкерліктің қарызы жабылды", - дейді А.Дауылбаев.

Сонымен қатар ол Қарағанды және Қостанай облыстарының прокуратураларының жұмыстарын атап өтті. Аталмыш өңірлерде қарыз жабу көлемі тиісінше 156 млн және 115 млн теңгені құраған.

А.Дауылбаевтың айтуынша, Атырау облыстық прокуратурасы жалақы төлеу бойынша кәсіпкерліктердің қарызын толықтай төлеткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны