24.01.2011, 15:06 3659

2010 жылдың қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры 400 млрд теңге көлемінде пайда табуды көздеп отыр

2010 жылдың қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры 400 млрд теңге көлемінде пайда табуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік холдингтің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 24 - қаңтар. Kazakhstan Today - 2010 жылдың қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры 400 млрд теңге көлемінде пайда табуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік холдингтің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Компанияның жылдық өндірістік және қаржылық көрсеткіштері орындалып, кейбір көрсеткіштер бойынша асыра орындалды. "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 2010 жылғы шоғырландырылған таза табысы 2009 жылғы 624,6 млрд теңге көлеміндегі шығынына қарағанда 2010 жылы Қор жүргізген ЕДБ (екінші деңгейлі банктер) қарыздарын қайта құрылымдау нәтижелерінің арқасында 400 млрд теңге деңгейінде болады деп күтілуде", - делінген таратылған баспасөз ақпаратында.

2010 жылдың 24 қарашасында республикалық бюджет "Самұрық-Қазына" АҚ мемлекеттік пакетіне 2009 жылға 7 млрд 56 млн теңге көлемінде дивидендтер аударылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны