11.01.2011, 15:14 3636

2010 жылдың соңында қысқаруға ұшыраған мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу құқығы сақталады - ҚР үкіметі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылдың 27 қырқүйегіндегі жарлығына сәйкес қысқаруға ұшыраған мемлекеттік қызметкерлердің Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде баспана алу құқығы сақталады. ҚР үкіметінің 2008 жылдың 19 шілдесіндегі № 711 "Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғы қаулысына осындай толықтыру енгізіліп, ол сейсенбі күні ресми баспасөзде жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТАГ ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 11 - қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылдың 27 қырқүйегіндегі жарлығына сәйкес қысқаруға ұшыраған мемлекеттік қызметкерлердің Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде баспана алу құқығы сақталады. ҚР үкіметінің 2008 жылдың 19 шілдесіндегі № 711 "Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғы қаулысына осындай толықтыру енгізіліп, ол сейсенбі күні ресми баспасөзде жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТАГ ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің ақпарына сүйенсек, "мемлекеттік қызметі ҚР президентінің 2010 жылдың 27 қырқүйегіндегі № 1072 "Мемлекеттік бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын органдардың штаттық санын оңтайландыру шаралары туралы" жарлығының негізінде тоқтатылған мемлекеттік қызметкерлердің, соның ішінде өтініш бергендердің тізіміндегілердің баспана алу құқығы сақталады", - делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу құқығына тұрғын үй комиссиясы оң шешім шығарып, займ берушінің төлем қабілеттілігі туралы оң бағасын алған өтініш берушілер ие.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

ҚазТаг агенттігі ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Мемлекеттік қызметі ҚР президентінің 2010 жылдың 27 қырқүйегіндегі № 1072 "Мемлекеттік бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын органдардың штаттық санын оңтайландыру шаралары туралы" жарлығына сәйкес 2010 жылдың 1 қарашасынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің саны 15%-ға қысқарғандығын естеріңізге сала кетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны