12.10.2007, 15:43 2836

2010 жылы Қазақстандағы Интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 млн адамға дейін өседі

2010 жылы Қазақстандағы Интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 млн адамға дейін өседі.

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2010 жылы Қазақстандағы Интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 млн адамға дейін өседі. Бұл туралы Н. Назарбаев бүгін "Қазақстан -2030": алғашқғы онжылдық қорытындысы және келешек" атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылдың аяғына дейін Қазақстандағы Интернет желісін пайдаланушылардың саны 1 млн 800 мың адамды құрайды, ал 2010 жылы олардың саны 3,5 млн адамға дейін өседі",- деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, елбасының айтуынша, келесі жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін "еліміздің 2000 мектебі Интернет желісіне қосылады". "Бұл интерактивті оқыту әдісін кеңінен пайдалануға және біздің балаларымыздың білім алу сапасын түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді",- деген сенімде ол.

"Қазіргі уақытта елімдегі мектептердің 95 пайызы тек компьютерлермен жабдықталып қана қоймай, сондай-ақ Интернет желісіне қосылған",- деп еске сала кетті Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны