31.07.2006, 15:48 6843

2011 жылға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы бекітілді

2011 жылға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы бекітілді

АСТАНА. 31 шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 25 шілдедегі қаулыға сәйкес, 2006 -2011 жылға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ресми басылымдарда жарияланған 2006 -2011 жылға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы демократиялық реформалардың жалпы ұлттық бағдаламасына сәйкес және Қазақстанның елу бәсекелес елдер қатарына қосылу стратегиясы аясында жасалды.

Мәтінде атап көрсетілгеніндей, "тұжырымдаманың басты мақсаты, азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуына және олардың "адам құқығы мен адамдық өлшемдер туралы" халықаралық келісімдер мен пактілерге сәйкес, мемлекетпен және бизнес секторымен теңдей серіктес болуы үшін заңнамалық, әлеуметтік- экономикалық және ұйымдастыру- әдістемелік негіздерін барынша жетілдіру болып табылады", делінген.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру үш кезеңге бөлінген. Алғашғы кезеңі -2006-2008 жылдар. Осы уақытта азаматтық қоғам институттарының дамуына қолайлы жағдай туғызу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, осы кезеңде азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған заң жобалар әзірленеді; мемлекеттік органдардың ықпалдастығы, азаматтық қоғам мен бизнес саласының ынтымақтастығы нығайтылады; үнемі жұмыс істейтін қоғамдық кеңес негізіндегі салалық және аймақтық ынтымақтастық жүйесі қалыптастырылады; заң жобаларымен жұмыс істейтін, мемлекеттік салалық және аймақтық бағдармаларады жасайтын жұмыс топтары құрылады. Тұжырымдама авторларының пікірінше, алғашқы кезеңнің жүзеге асырылуы халық санының өсуіне ықпал етеді.

Екінші кезең 2009-2010 жылға арналған. Бұл кезеңде азаматтық қоғамның сапалы дамуына қол жеткізу көзделген. Атап айтқанда, еңбек саласындағы әлеуметтік-серіктестік қарқынды дамиды; қайырымдылық және жебеушілік механизмдері мен мәдениеті қалыптасады; азаматтық ынтаны қолдайтын жергілікті қорлар құрылады; мемлекеттік органдар қызметі мен азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысты қабылданатын шешімдерді қадағалайтын азаматтық бақылау механизмдері пысықталады, билік құрылымдарының қоғам алдында есеп беру моделі бекітіліеді; шиеленіскен мәселелерді сотқа жүгінбей шешу механизмдері енгізіледі.

2011 жылдан басталатын үшінші кезеңде, азаматтық қоғам институттарын дамыту ілгері жылжитын бір жүйеге түседі, дейді тұжырымдаманы жасаушылар.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 12 саяси партия, 5820 үкіметтік емес ұйым, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық- мәдени бірлестігі, қырықтан астам конфессиялардың өкілі болып табылатын 3340 діни ұйым, 6646 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны