07.12.2010, 17:36 3547

2011 жылы Астанада Өмір туралы ғылыми орталық ашылады - Назарбаев

2011 жылы Астанада Өмір туралы ғылыми орталық ашылады. Бұл туралы бүгін елордада "Назарбаев Университеті" студенттері мен оқытушы қауымының алдында дәріс оқығаннан кейін студенттердің сұрағына жауап берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Алматы. 7 - желтоқсан. Kazakhstan Today - 2011 жылы Астанада Өмір туралы ғылыми орталық ашылады. Бұл туралы бүгін елордада "Назарбаев Университеті" студенттері мен оқытушы қауымының алдында дәріс оқығаннан кейін студенттердің сұрағына жауап берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

"Келесі жылы "Назарбаев Университетінің" жанынан Өмір туралы ғылыми орталығы ашылады. Онда тін жасушалары зерттеледі. Бұдан бөлек, кәрілікке қарсы жасалатын зерттеулер де осында жүзеге асады",- деді Н. Назарбаев.

Ол сондай-ақ, аталған Орталық үшін заманауи жаңа қондырғылар мен дайын зертханалар сатып алынатындығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны