24.01.2011, 14:49 3905

2011 жылы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алу көлемі 3,5 трлн теңгеден асады

2011 жылы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ сатып алу көлемі 3,5 трлн теңгеден асады. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ алқа мәжіліс кезінде компанияның басқарушы директоры Қайрат Ийтекенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 24 - қаңтар. Kazakhstan Today - 2011 жылы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ сатып алу көлемі 3,5 трлн теңгеден асады. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ алқа мәжіліс кезінде компанияның басқарушы директоры Қайрат Ийтекенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Отандық өндірушілерді қолдаудың өте маңызды формаларының бірі - бұл ұлттық компаниялардың сатып алулары. Осыны шағын және орта бизнесті қолдаудың екінші тірегі деп айтуға болады. Бүгінде қордың ережесіне сәйкес сатып алуларды (қордың құрамына кіретін) 260 ұйым жүзеге асырады",-деп атап өтті Қайрат Ийткенов.

Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылдың қорытындысы бойынша сатып алулар туралы келісімшарттардың жалпы көлемі 3 трлн. 472 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде тауарлар бойынша 1,5 трлн. теңгеден астам, жасалған жұмыстар 928 млрд. теңгені, ал қызмет көрсетулер 880 млрд. теңгені құрады.

"2011 жылы сатып алулар көлемі 3,5 трлн. теңгеден асып түседі деп күтілуде. Оның ішінде 1 трлн. теңгеге жуығы тауарларды алуға жұмсалмақ",-деді Қ. Ийтекенов.

Бүгінде отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастық тұрғысында оң тәжірибелер бар екеніне тоқталған ол, "биыл 96 қазақстандық машина құрылысы кәсіпорындарымен 70 млрд. теңгеге 443 келісім жасалды. Химия өнімін шығаратын 20 өндірушімен 25 млрд. теңгеге келісім бекітілді",-деді.

BNews.kz. агенттігінің ақпараттарына сүйенсек, "биылғы жылы 96 машина жасаушы кәсіпорынмен жалпы көлемі 70 млрд теңгеге 443 шарт жасалса, 20 химиялық өнім өндірушімен жалпы көлемі 25 млрд теңгеге тарта шарт жасалды. 17 млрд теңгеден астам сома 83 ұйымның металлопрокатын құрайды", - деп сабақтады сөзін Қ. Ийтекенов.

Мониторинг нәтижесіне қарағанда, осы сатып алулардағы қазақстандық қамту 50 пайыздан асып отыр. Бұдан былай бұл көрсеткіштер ара түсетінін, сондай-ақ ұзақ мерзімді келісімдер жасауға жаңа серпін берілетініне тоқталған Қ. Ийтекенов: "Негізгі басымдық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа беріледі",-деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны