30.05.2012, 12:54 2957

2012 жылдың қорытындысы бойынша "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жолының 700 шақырымын пайдалануға беру жоспарлануда

Бүгін өткізілген Парламент Сенаты экономикалық дамуы комитетінің кеңесінде Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр айтып өткендей, қазіргі уақытта жолдың құрылысы елдің 4 өңірінде жүргізілуде.

Ақтөбе. 30-мамыр. Kazakhstan Today - 2012 жылдың қорытындысы бойынша "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жолының 700 шақырымын пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық таранзиттік дәлізінің құрылысы 2015 жылы аяқталады.

Бүгін өткізілген Парламент Сенаты экономикалық дамуы комитетінің кеңесінде Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр айтып өткендей, қазіргі уақытта жолдың құрылысы елдің 4 өңірінде жүргізілуде.

Айта кеткен жөн, бұл орайда құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше ден қойылып отыр, 5 сатылы бақылау жүйесі енгізілді. Құрылыс жұмыстарына 22 мемлекеттік мердігер мен 60-тан астам мердігерлер субьектісі тартылды.

"2012 жылдың қорытындысы бойынша біз жолдың 700 шақырымын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. 2013 жылы жолдың 806, 2014 жылы 262, 2015 жылы 469 шақырымын пайдалануға береміз", - деді Роман Скляр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны