28.02.2012, 13:15 4287

2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар қызметтердің 60 пайызы электронды үлгіге ауыстырылады

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмаларына сәйкес, 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар қызметтердің 60 пайызы электронды үлгіге ауыстырылатын болады, деп атап өтті Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар қызметтердің 60 пайызы электронды үлгіге ауыстырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмаларына сәйкес, 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар қызметтердің 60 пайызы электронды үлгіге ауыстырылатын болады, деп атап өтті Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.

2011 жылы өз бизнестерін автоматтандыру мақсатында халық арасында ең көп сұранысқа ие 31 мемлекеттік қызмет түрі анықталды. Өткен жылы "е-үкімет" порталында әлеуметтік маңызы бар бірқатар қызметтер шығарылған болатын, олардың қатарында сәбидің дүниеге келуін тіркеу, жылжымайтын мүлік пен оның техникалық сипаттамасын тіркеу, жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын анықтама беру, әлеуметтік жеке кодты иемдену сияқты қызмет түрлері бар.

Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты" Жолдауын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылы "е-үкімет" порталына әлеуметтік маңызы бар бірқатар мемлекеттік қызмет түрлері ауыстырылатын болады.

Атап айтқанда, электронды үлгіге ҚР азаматтарын тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуден шығару, ҚР азаматтарына төлқұжат, жеке куәландыру құжатын беру, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру сияқты қызмет түрлері ауыстырылатын болады.

Сонымен қатар, бұл тізімге жұмыссыз адамдарды тіркеу, жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу, жер теліміне кадастрлық ақпарат беру, жеке кәсіпкерлікті тіркеу сияқты қызмет түрлері қосылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны