14.02.2012, 13:29 4091

2012 жылы 11 ірі индустриялық жоба жүзеге асырылатын болады

Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев бүгінгі Үкімет отырысында, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2012 жылы 11 ірі индустриялық жоба жүзеге асырыла бастайтынын мәлім етті. Ал жылдың соңына дейін Индустрияландыру картасының 130 жобасы іске қосылмақ.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылы 11 ірі индустриялық жоба жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев бүгінгі Үкімет отырысында, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2012 жылы 11 ірі индустриялық жоба жүзеге асырыла бастайтынын мәлім етті. Ал жылдың соңына дейін Индустрияландыру картасының 130 жобасы іске қосылмақ.

"Ир жоба бойынша жұмыс тобы құрылды, 5 жоба Индустрияландыру картасына енгізілді",- деді И.Исекешев Үкімет отырысында.

Олар: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңарту жобасы, Балқаш ЖЭС-ның құрылысы, Атырау облысындағы "KPI" ЖШС-нің ықпалдасқан газ-химиялық кешені құрылысы, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы, "Бурабай" туристік орталығын құру жобалары.

Ал жақын арада Индустрияландыру картасына ""ЕуроХим-Тыңайтқыш" ЖШС-нің минералдық тыңайтқыштар зауытының құрылысы, Алматы таң шаңғысы курорты, Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысы, Қазақстанның орталығына газ тартуға негізделген "Қарталы-Тобыл-Көкшетау-Астана" газ құбыры желісінің құрылысы, "Арқалық-Шұбаркөл" және "Жезқазған-Бейнеу" теміржолдарының құрылысы жобалары енгізіледі.

"Елбасы міндеттеген барлық жобалардың құрылысы ағымдағы жылы басталады",- деп қорытындылады өз сөзін Исет Исекешев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны