20.11.2012, 12:48 1509

2012 жылы әлеуметтік маңызды шараларды қаржыландыру ұлғайтылды

2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамдарына сәйкес 2012 жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтыраулар енгізілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев ҚР Үкіметінің отырысында.

Астана. 20-қараша. Kazakhstan Today - 2012 жылы әлеуметтік маңызды шараларды қаржыландыру ұлғайтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамдарына сәйкес 2012 жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтыраулар енгізілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев ҚР Үкіметінің отырысында.

"Заң жобасы Парламенттегі талқылаудан өзгеріссіз өтті. Бүгін 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамдарына сәйкес 2012 жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтыраулар қабылданады", - деді Б.Жәмішев.

Министр атап айтқандай, бюджетті нақтылау барысында бірқатар әлеуметтік маңызды шараларғы бөлінетін қаржы ұлғайтылды. Оның ішінде ТМККК шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мен "Балапан" бағдарламасы аясында балалардың мектепалды ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты орналастыру да бар.

Бұдан басқа, экспортқа шығарылатын астықты тасымалдау құнын арзандатуға арналған субсидиялау сомасына, Астана қаласының автокөлік жолдарын, сумен жабдықтауды және су бұруды дамытуға бөлінген қаржы көлеміне түзетулер енгізілді.

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамдарына сәйкес 2012 жылдың бюджетіне енгізілген өзгерістер қарастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны