14.12.2007, 18:40 3032

2012 жылы Қазақстанда зейнетақының орташа көлемі 2,5 есе өседі - Назарбаев

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2012 жылы Қазақстанда зейнетақының орташа көлемі 2,5 есе өседі. Бұл туралы бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 16 жылдығына арналған салтанатты жиында президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді , деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі. "Біз зейнетақы жүйесіне табысты реформалар жүргіздік", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Оның атап көрсетуінше, базалық зейнетақы төлемдерін ескергенде ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 3,3 есе өсті. "2012 жылы Қазақстанда зейнетақының орташа көлемі 2,5 есе өседі", - деді президент.

Елбасының айтуынша, қазір республикалық бюджеттен мемлекеттік зейнетақыны 1,6 млн астам адам алуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны