14.01.2013, 17:59 3187

2012 жылы ТМРА 471 кәсіпорынды тексерді

2012 жылы Қазақстанда тариф саясатына бақылау жасауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар шеңберінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 471 кәсіпорынға тексеру жүргізді, деп хабарлады бүгін табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов Орталық Коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің брифингісінде.

Астана. 14-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы ТМРА 471 кәсіпорынды тексерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы Қазақстанда тариф саясатына бақылау жасауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар шеңберінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 471 кәсіпорынға тексеру жүргізді, деп хабарлады бүгін табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов Орталық Коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің брифингісінде.

"2012 жыл ішінде 471 тексеріс жүргізіліп, заң бұзушылықтарды жою жөнінде 744 ескерту жасалды, 376 сот ісін қатысып, айыппұл санкциясы ретінде 205 млн теңгеден астам сома өнділіріп алынды", - деді М.Оспанов.

Сонымен қатар ол уақытша жәрдемақы тарифін енгізіліп, тұтынушыларға шамамен 1,9 млрд теңгедей ақша қайтарылды деді. Бұдан басқа, табиғи монополияның 42 базалық субъектілерінің 2012 жылғы тарифтеріне тапсырыстарын қарастыру барысындағы жұмыстарды жүргізу нәтижесінде монополистердің сұрап отырған табыстары 55 млрд теңгеден астам сомаға қысқартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны